Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2019
Жүсіпбек Қорғасбек: Бізде әдеби дискуссиялар аз
Қысқа да нұсқа жазғым келеді. Өмірдің мысалынан алыстағым келмейді. «Шымыр жазайыншы, көлгірсіп кетпейінші» деймін. Жазып отырған сөздерім кейде өлеңге ұқсап кетеді.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2019
Қараменде бидің қорамсағы табылды
Қазақ тарихы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Абылай ханның замандасы, атақты би, ділмәр шешен Қараменде би Шақаұлының қорамсағы табылды.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2019
Он үш бума немесе Ізтай домбырасының сыры
...Әлі де тарихының талай қыртысы зерттелмей жатқандықтан болар, Ақтөбе облысының Алға ауданы дегенде еске түсетін үш есім бар. Олар – Есет баба Көкіұлы, Кердері Әбубәкір... және Ізтай Мәмбетов. Есет батыр мен Кердері Әбубәкір туралы әредік-әредік айтылып жүргенімен, соңғы жылдары көңге көмілген жауһардай... аталмай кеткен, айтылмай қалған бір есім – Ізтай. Шәмші Қалдаяқовтың «Қарагөз» әні жанды әдемі шабақтайтын махаббат гимні болып қалғаны анық, алайда осы әннің мәтінін Ізтай ақын жазғанын көбіміз біле бермеуіміз мүмкін.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2019
Бала кезінде қиялға берілгіш еді. Арманшыл болатын. Сурет салуды ұнатты. Бойындағы табиғи бейімділікті ұштаған анасы еді. Жұмысбасты болғандықтан Рүстемді кей күндері үйге жалғыз тастап кететін. Алдына алуан түрлі бояу қарындаштар мен ақ қағаз қояды. Ана жүрегі аңғарғыш қой, ұлының бойында сурет салуға деген бейімділікті тап басқан-ды.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2019
Қазақтың бағзы замандардан бергі атамекені – Ұлы дала қаншалықты кең-байтақ, жазиралы жерұйық болса, оның рухани мұрасы да соншалықты шұрайлы, әлемде баламасы жоқ асыл қазына. Бағзыдан бүгінге тас бұлақтың тамшысындай мөлдіреп жеткен жыр жауһарлары – қазіргі қоғамда жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру» үрдісіне де құнарлы нәр беретін ұлттық рухымыздың кәусар бұлағы.