Қысқа да нұсқа жазғым келеді. Өмірдің мысалынан алыстағым келмейді. «Шымыр жазайыншы, көлгірсіп кетпейінші» деймін. Жазып отырған сөздерім кейде өлеңге ұқсап кетеді.

Екінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен ағаларымызды «азиат» дейтін. Бүгінгі жиынға байланысты сол есіме түсіп тұр. Орхан Памук бір сұхбатында Түркия қазір мәдени жағынан шығыстан гөрі батысқа жақын деген ой айтады. Кейде батыс пен шығыстың ортасында теңселіп тұрған кемеге ұқсайды дейді.
Осыдан он-он бес жыл бұрын Гете институтының ұйымдастыруымен Германияда болдым. Сонда лауазымды адамнан: «Түркияның Еуроодаққа өту мүмкіншілігі қандай?» деп сұрадым. Ол: «Діні басқа, ділі басқа Түркия Еуроодаққа қалай өтеді?», деді. Ақыры соған келді.
Сол айтпақшы, біз ең алдымен қазақ жазушысы болып есептелеміз. Бірақ батыс елдеріне таралмасақ, танымал жазушы бола алмаймыз. Себебі Түркі әлемінде, Азия елдерінде батыстағыдай ірі халықаралық әдеби сыйлықтар жоқ.
Мо Ян мен Орхан Памук Нобель сыйлығының арқасында танымал болды. Осы форумнан сол екі жазушыны көреміз бе деп үміттенгенімізді жасырмаймыз. Себебі екеуі де жазушылықтың қыр-сыры туралы жиі айтады. Екеуінің шығармашылық туралы бір-біріне берген сұхбаты да бар. Олардың қоғамдық талқылаудан қорықпауы, қоғаммен ашық әңгімеге баруы үлгі аларлық нәрсе. Мысалы, Орхан Памуктың «Қар» атты романы негізінен дискуссиялық шығарма. Қазіргі қоғам талқыны, дискуссияны жақсы көреді. Егер ондай қадамға бармасаң, позицияңды беріп қоясың.
Мен «Өнер» деген әңгіме жаздым. Ішінде аздаған интригасы және бүгінгі заманның сауалдары бар. Өнер белгілі жазушының алдына бойжеткен қыз бейнесінде келеді.
Көлемі алты-ақ беттік осы әңгімені Қазақстандағы белгілі үш-төрт сайт көшіріп басты. «Кітап.kz» сайтында жылдың үздік әңгімесі атанды. «Абай.kz» порталында редакция таңдауының қатарына кірді. Сонымен бірге Ұлттық аударма бюросының ұйымдастыруымен алты тілге аударылды. Қызыққан әдебиетшілер болса, сол жерден тауып оқуына болады.
Оған қоса бір жылда жеті әдеби эссе жаздым. «Тораңғы және Тұрсынжан», «Аңыз Шерхан», «Аңыз Мұхтар Мағауин» сияқты эсселерімді газет-журналдар мен сайттар бірінен бірі алып көшіріп басты. Бір сөзбен айтқанда, әдеби сын тоқыраған кезде әлеуметтік желі өлшем болып тұр.
Сөзімнің басында айтқанымдай, әдебиетте дискуссиялық мәселелерді көтеру керек. Онда көтерілген мәселелер басқадан гөрі тұщымды жазылады әрі адамның ішкі мәдениетін қалыптастыруға да жақсы.
Осы ыңғайда бір әңгіме айтқым келіп тұр. Соңғы жылдары түрегеп тұрып жазуды әдетке айналдырдым. Жұмыс кабинетіме соған ыңғайлы мінбе сатып алдым.
Үйде де терезенің алдында тұрып жазғанды жақсы көремін. Мұны шығармашылық адамының жазуға деген адалдығынан деп білемін. Қалам қалғып кетпеуі керек деп ойлаймын. Осындай жазушының жазғаны керек пе, керек емес пе?
Жақында бір жақсы досыма ілесіп, қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мұражайына бардым. Түрегеп тұрып жазатын жазу үстелін сол жерде көрдім. Елу-алпыс жыл бұрын қолдан жасатқан екен. Шынтағымды тіреп, жағымды таянып тұрып суретке түстім. Сонда ойыма не келді?
Егер оның «Этнографиялық әңгімесі» бүгін жазылса, әлеуметтік желі басқаның бәрін ұмытып, соны талқылар еді. Бұл әңгіме қазақ қоғамындағы басқалар жабық тақырып деп есептейтін мәселені ашық талқыға алып шығуымен құнды. Ондағы интрига кеңес заманында да, тәуелсіздік алғаннан кейін де, нақ бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.
Қазір ұлттарды қойып, құрлықтар арасында үнсіз бәсекелер мен текетірестер жүріп жатыр. Маған сол бәсеке әдебиетте де бар сияқты көрінеді. Ұлы державалық әдебиет ұлттық әдебиетті мысымен басып тұр.
Біз сол үлкен әдебиеттердің стандарттарын қабылдауымыз керек тәрізді. Мәселен, шығыс ежелден миниатюраға жақын. Роман деген оқырманды тартып тұратын магиялық құдіреті бар жанрды алып қараңызшы. Қазір романның көлемі сақталмайтын болды, ендеше неге романға қойылатын шарттар сақталуы керек.
Романды дәуір сипатын береді деп ауырлатудың қажеті қанша. Оған дәуірдің жүгін арқалатып неғыламыз. Мен жоғарыда көлемі алты-ақ беттік әңгіме жаздым дедім. Сол сияқты көлемі жетпіс-ақ беттік тағы бір роман жазып шықтым. Біз шығыстың үлгісімен жазсақ, сыншылар бізді батыстың үлгісімен талдайды. Міне, қорлық!
Бүгінгі заман қай жағынан алып қарасаңыз да интриганың заманы болып тұр. Біз бастан өткеріп жатқан күндерде романға лайықты күшті интригалар мен персонаждар бар. Жазушы оны ала салып, жаза салмайды.
Әдебиетке де кешенді түрде жұмыс істеудің жолдарын әкелу керек. Арнайы тақырыптарға кино түсіру үшін алдын ала қаржы бөлінеді. Ал кітап жазуға алдын ала қаржы бөлінгенін естіген емеспін. Қазақтың меценаты Маман Тұрысбеков осыдан жүз жыл бұрын: «Роман жаз, роман жазсаң осынша ақша беремін» депті.
Әдебиет өндіріс ретінде кімдерге жұмыс істейді. Ақыл-ойға ақша төленетін заманда, әдебиетке неге ақша төленбейді? Ұлтты қойып, Азия деген алып құрлықтың өз философиясы сақтала ма? Біздің бүгінгі, ертеңгі болмысымыз қандай болмақшы?
Жеке мысалмен айтсам, осымен менің үш бірдей шығармам бойынша көркем фильм түсіріліп отыр. Одан басқа жетістіктерімді жоғарыда айттым. Қазір қазақ әдебиетінде мен сияқты еңбек етіп жатқандар жоқ емес. Алайда олардың еңбегі көп көріне бермейді. Өз ішімізде ғана бір-бірімізді танимыз. Сыртқа шыға алмай жатырмыз.
Тереземнің алдында тікемнен тік жазу жазып тұрып күндіз-түні ойланатыным осы. Меніңше, бүгінгі өтіп жатқан форумның басты бір мақсаты да осы болуы керек. Бір-бірімізді қолдайық, ортақ оқырманымызды көбейтейік, шығармаларымыздың насихатын бірлесіп жүргізейік, үлкен әдеби сыйлықтар белгілейік дегім келеді.
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,
жазушы
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар