Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Президент Жолдауын жамбылдықтар да қолдайды
Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша актив жиыны өтті. Актив жиналысына облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің басқарма, аумақтық департаменттер, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындарының басшылары, саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен облыстық ақпараттық топ мүшелері қатысты.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Ленинское ауылының тұрғындары төрт жыл бойы жабайы арпамен алысып әлек. Биыл тағы да үлкен әбігерге түсірді. Жыл өткен сайын ауқымы үлкейіп, қырды айтпағанда тұтас елді мекенге жайылып үлгерген. Түп-тамырымен қырқып, жойып тастауға жеке адамдар түгілі шаруа қожалықтары да қауқарсыз.
Сақшылар ісіне де сақтық керек
Ала таяқ жол-патрульдік полиция қызметкерінің қолына қайта тиді. Ал кезінде осы ала таяқты қаншама айтыс-тартыспен алып тастаған едік. Бұған басты себеп жол-патрульдік полиция қызметінің сапасына көңіл толмаушылықтан басталғаны белгілі.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Евгений Хисметов: Отандастарымның басына іс түскенде үйде жата алмадым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған апат кезінде ерлік танытып, елге көмектескен және сол апаттың салдарын жою жұмыстарына белсене атсалысқан бір топ азаматтарды өткен жұма күні Ақордада қабылдап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Шын мәнінде бейбіт күннің батырлары деп айтуға тұратын сол қазақстандықтардың ішінде Арыстың өз тұрғындары, әскерилер мен өрт сөндірушілер, құрылысшылар, сондай-ақ алыстағы ағайынның қабырғасы қайысқанда қарап отыра алмай, арнайы барып айрықша көмек көрсеткен еріктілер де бар. Солардың бірі – қарағандылық Евгений Хисметов. Өз ықтиярымен Арысқа барып, екі ай бойы сондағы жұмыстарға жанын сала атсалысқан Евгенийдің бұл ісін жүректе жанған ізгілік алауының көрінісі десек те жарасады. «Ер – елдің ық жағының қалқасы, жел жағының панасы» деген осы. Біз Ақордадағы марапаттаудан кейін Евгений Хисметовке арнайы жолығып алған сұхбатымызды оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Президент • 10 Қыркүйек, 2019
Қарым-қатынасты нығайтуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.