Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
Негізгі жұмыс тәжірибесіне қосуды ұсынды
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) мүшелері онлайн режімде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.
Оқиға • 30 Қыркүйек, 2020
Интернационалмен қоштасатын кез келді
Жуырда «Егеменде» Петропавл қаласында әлі күнге Интернационал көшесінің бар екендігі, бірақ қазақ халқының ұлттық көсемдері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және тағы басқа Алаш ардақтыларының атында бірде-бір көше жоқ екендігі жазылды («Egemen Qazaqstan», «Петропавл Интернационалды ұлықтап отыр. Неге?», 23.09.2020 ж).
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
Мемлекетшіл азаматтарды қолдай білейік
Ол қатардағы дәрігерден Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына дейінгі жолдан өтті. Медицина саласында адал еңбек етіп келеді. «Кәсіптің ең жақсысын таңдағаныма еш өкінбеймін, өмірімнің соңына дейін оған адал болып қала беремін» деген сөзінен-ақ көп нәрсені аңғаруға болатындай. Отандық медицинаның танымал майталмандарының шәкірті болғанын мақтан ететін бұл азамат медицина саласындағы ең негізгі қағидатқа сай жан баласына зиянын тигізуді қаламайды. Ол – Ақжайық өңіріне танымал азамат, әріптесіміз Қамидолла Ирменов.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына БҰҰ Бас хатшысы лауазымын атқарған Пан Ги Мунның «Көпжақтылыққа оралу» атты мақаласын ұсынып отырмыз. Аталған мақала Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясатпен үндеседі. Еліміз басымдық беретін мұндай бағыт бүгінгі таңда өзекті екені анық. Өйткені Таяу Шығыс, Балқан түбегі секілді даулы жерлердегі дағдарыстар тек көпжақты келісім арқылы шешіледі. Қазақстан әлемде қауіпсіздік пен тыныштық орнатуға мүдделі екенін көптеген жаһандық бастамалары арқылы дәлелдеп келеді. Ал Үндістан үкіметінің экономикалық кеңесшісі Каушик Басу коронавирус дағдарысы кезінде экономиканы құлдыратпау туралы өзінің пікірімен бөліседі. Қазіргідей пандемия кезінде бұл да өзекті мәселе. Індетке байланысты қайта-қайта локдаун енгізе беру қиынға соғатыны айтпаса да түсінікті. Автор өз мақаласында «өгізді де өлтірмеудің, арбаны да сындырмаудың» тиімді тәсілін ұсынады.
Әлем • 30 Қыркүйек, 2020
ИТАКА. Академиялық салалар арасындағы шекара әдетте қолдан жасалады, оның себебі біздің мүмкіндігіміздің жетіспеуіне байланысты. Бірақ экономист Альберт Хиршман айтқандай, біз оны бұзуға мәжбүр болатын уақыт келеді. Қазіргідей COVID-19 індетіне қарсы күрес пен экономикалық дағдарыс – дәл сол дәуірге сай.