Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020

Бердібек Сапарбаев Шу ауданындағы газ мәселесін бір аптада шешуді тапсырды

20 рет көрсетілді

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде өткен басқосуға үйлеріне тартылатын газ бағасының қымбаттығына қатысты Шу ауданы Төле би ауылы тұрғындарының шағымы себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған ауылға газ құбыры бірнеше жыл бұрын тартылғанымен, кейбір үйлер әлі күнге дейін көгілдір отынсыз отыр. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, үйлерге газ жеткізуге жауапты мердігер - "Париев" ЖШС.

2016 жылы олардың қызметтерінің бастапқы бағасы 420 мың теңгені құраса, кейіннен ол сома 570 мың теңгеге дейін өскен. Мердігердің айтуынша, құрылыс материалдары қымбаттаған. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Олар мұндай қаражатты кез-келгеннің қалтасы көтере алмайтындығын айтады.

Шу қаласынан Төле би ауылына дейін ұзындығы 8,7 шақырым магистральды құбырды сатып алу және мемлекет балансына қою үшін облыстық бюджеттен 251,1 миллион теңге бөлінген.

Бұл шешім "Париев" ЖШС қызметтерінің бағасын 475 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берген. Бүгінде Төле би ауылындағы 4200 үйдің 35,2 пайызы ғана газға қосылған. Қалған үйлер қызметтің қымбаттығына байланысты қосыла алмай отыр.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі облыстық департамент "Париев" ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізген. Меркі аудандық сотына жіберілген іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Дегенмен, Құдайберген Қорғанбаев "Париев" ЖШС өз міндеттемелерін толық орындамағандығын мәлімдеп отыр. Компания техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік беретін шарт жасаспаған. Бұл, осы жылдың қыркүйегінде Төле би ауылында газдың өшірілуіне әкелген.

"Париев" ЖШС қызмет көрсететін учаскеде тұратын Шу қаласының тұрғындары да осындай мәселені бастан кешірді.

"Жұмыс тобы бір апта ішінде бір шешімін табуы керек. Компанияның қызметтері басқа аудандарға қарағанда неге қымбат екенін саралаңыздар. Қордай ауданында осы секілді қызмет құны 350 мың, ал Шу ауданында жарты миллионнан асады. Олардың газы алтын емес шығар? Неліктен тұрғындар екі апта бойы газсыз қалады? Тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейді, сондықтан газ да тұрақты берілуі тиіс. Олардың наразылығы орынды. Барлық кінәлілер әділ жазаға тартылуы керек. Ешкімге халықты алдауға жол берілмейді", деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы бұл мәселе өзінің жеке бақылауында болатынын баса айтты. Жиында Бердібек Сапарбаев сонымен қатар Қордай ауданындағы газдандыру жұмыстарын бақылауды тапсырды. Ағымдағы жылы Қордай ауданының 22 елді мекені көгілдір отынмен қамтамасыз етілуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Қостанайға алғашқы қар түсті

Аймақтар • Бүгін, 10:02

Салымшыларға 887 пәтер

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қысқа дайындық толық аяқталды

Аймақтар • Бүгін, 07:46

Қажетті отынның 70%-ы жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 07:43

Қарсыласы ауырып қалыпты

Спорт • Бүгін, 07:38

Чемпиондар лигасы басталды

Футбол • Бүгін, 07:36

Францияға жол түсіп тұр

Оқиға • Бүгін, 07:33

Бөтенге сәлем

Руханият • Бүгін, 07:19

Қос ішекті қоңырым

Руханият • Бүгін, 07:14

Оңтайлы интеграцияланған жүйе

Экономика • Бүгін, 07:13

Не оқып жүрсіз?

Таным • Бүгін, 07:00

Бейсауат жүріске шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 06:49

Қауіпті індет қайта көбейді

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Жаңа аурухана мен жаңа көліктер

Аймақтар • Бүгін, 06:39

Толық адам танымы

Абай • Бүгін, 06:37

Үміткерлер анықталды

Абай • Бүгін, 06:36

Жетісу қыс маусымына дайын ба?

Аймақтар • Бүгін, 06:13

Қазір көмір арзан сатылып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 06:11

Қаралы қазан

Футбол • Бүгін, 06:00

Ұқсас жаңалықтар