Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған әдеби кеш өтті
Кешті Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұжымы ұлт ұстазының туған күніне және Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арнап ұйымдастырды. Кеш әдеттегідей кітапхананың акт залында немесе өзге ғимаратта емес, Алаш арысының атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің алдында тұрған Ахаңның еңселі ескерткіші жанында өтті. Оған университет студенттері мен Ахметті зерттеп жүрген ахметтанушылар, журналистер қатысты. Алдымен сөзді Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянына қатысты көптеген мәліметтер берген және өзінің рулас туысы болып келетін Ибрагим Ағытай алды.
Спорт • 06 Қыркүйек, 2019
Көркем гимнастика: Үш аруымыз әлем чемпионатына қатысады
16-22 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның бас шаһарында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Сүлесоқ пендені дүниеге әкелетін...
Қазақты ұлт ретінде жоюды кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде жүргізген патша билігі мемлекетіміздің белгісі хандықты, ұлттың өзін өзі билеуінің көрінісі ақсақал, билер билігін жойып болған тұста революция әлемді төңкерді. Төңкеріспен билікке қолы жеткендер қазақты құртып, жеріне ие болып қалу саясатын ұмытқан жоқ. Тек әдісін өзгертті. Орыстандыру саясаты жүйелі түрде жүргізілді.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Бағлан Қарашолақов: Әркім өзінің қолынан келетін іспен айналысуы керек
Жамбыл облысының дамуына елеулі үлес қосып, өңір халқының ықыласына бөленіп жүрген Бағлан Қарашолақов бүгінде 70 жасқа толып отыр. Айтулы азаматты мерейлі белесімен құттықтай отырып, оқырман назарына осы сұхбатын ұсынамыз.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Несиеге мал беру ауыл әлеуетін көтереді
Қазақта «Ауылым алтын – бесігім», деген аталы сөз бар. Ауылды сағынып, жыл сайын еңбек демалысымызда ауылға баратынбыз, ауыл біздің тарихымыз, сол тарихтың бір бетін қарасаңыз, ауылдағы күндіз-түні бітпейтін тіршілік,көктемде мал төлдеп, жер құлпырып, ауыл адамдары есік алдындағы 10-50 сотық жеріне жоңышқа, картоп, көкөністерін егіп, кеңшардың жыл он екі ай бітпейтін жұмысынан бір күн босамайтын еді. Ауыл адамдары еңбек демалысы дегенді білмейтіндей өйткені демалуға уақыт жоқ. Бұл сол кездегі Жамбыл облысы, Талас ауданының әр кеңшарындағы бар жағдай-тын. Жалпы, Талас ауданынан 61 Социалистік Еңбек Ері шығыпты.