Таным • 29 Қыркүйек, 2021
Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп...» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несібесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарайлассын» дейтін аса құнды өсиет қалдырғаны бекер емес.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Nur Otan мен Қазақстан Жазушылар одағы «Ұлы дала» байқауын өткізеді
Елордада Nur Otan партиясы мен Жазушылар одағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында алғашқы шара – «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу, еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлттық құндылықтарды өрістету жайлы істерді бірлесе атқару туралы ортақ бәтуаға келді. Қол қою рәсіміне Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған Әлібек Асқаров, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы сынды қаламгерлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясының басшылығы қатысып, Меморандум шеңберінде алда атқарылатын жобаларды пысықтады.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2021
Пандемия интернет мүмкіндігін арттырды
Елордада өтіп жатқан ақпарат апталығы Astana Media Week 2021 аясында «Жаңа, COVID-тен кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» тақырыбында панельдік пікірталас өтті.
Елбасы • 29 Қыркүйек, 2021
Асыл арманға жеткізген көшбасшы
Биыл еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына отау тіккеніне отыз жыл толып отыр. 1991 жылдың 16 желтоқсанында сүйінші хабарды естіген жұрттың бірі қалмай сыртқа шығып, бірін-бірі қуана құттықтап, бөркін аспанға атқаны есімізде. Қаһарлы қыстың қытымыр аязды күні болса да, ел ішін шаттық кернеген, ұлттық рух аспанға өрлеген, ұмытылмас, ғажайып, тарихи күн болған еді. Дәл сол күні бодандықтың бұғауын бұзған Қазақ елі өзінің жаңа даму жолындағы алғашқы қадамын жасады. Дәл сол күні Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылып, жаңа дәуірі басталды. Сөйтіп ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсап, армандаған қастерлі арманына қолымыз жетті.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
1864 жылы 13 наурызда Ы.Алтынсарин ұстазы әрі досы Н.И.Ильминскийге: «Менің үнемі ұмтылған тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады» деп жазады. Иә, Торғайда алғаш қазақ мектебінің ашылып, көңіл түкпіріндегі ізгі ниетінің жүзеге асқанына мерейі асып, зор қуанышқа бөленген жас жігіт Ыбырайды ұлт мүддесі жолында әлі де талай игі істер күтіп тұрған еді...