Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019
Кеңес Одағы заманында Африка-Азия жазушыларының ынтымақтастық комитеті болған еді. Сонда біз жиналып, сөз бостандығы, тәуелсіздік, халықтардың сана-сезімі жайында жиі айтып, жеңіске жеттік.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019
Жазу – ең бірінші өмір сүруден, ұнатудан, сосын барып танылудан тұрса керек. Өнер мен әдебиетке ең басты қажет қағида: әрине талант, білім, шеберлікке құштарлық, сосын зор еңбек.
Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019
Амар Митра: Ұлы даланы көргеніме қуаныштымын
Елордада Азия қаламгерлерінің I форумы өтіп жатқанын, 37 елден жазушылар келгенін газетіміздің бұған дейінгі санында жазған болатынбыз. Осы жиын барысында Оңтүстік Азия халықаралық сыйлығының лауреаты, Үндістанның көрнекті жазушысы Амар Митрамен тілдесудің сәті түсті.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019
Қаламгер лабораториясы: тұтастық пен бітім
Азияның ең қарымды деген қаламгерлері ерке Есілдің жағасындағы еңселі елорда төрінде осымен екінші күн қатарынан әдебиет төңірегіндегі мәселелерді қызу талқылау үстінде. Қазақстан Жазушылар одағының бастамасымен қолға алынған игі шараның келелі табыстарға жеткізетінін форумға арнайы шақырылған құрметті қонақтар да, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та шараның ашылу салтанатында кең көлемде айтып өтті. «Алдымен, Азия қаламгерлері форумы шығармашыл қауымның маңызды диалог алаңына айналуы керек. Бұл маңызды шара Азия елдерінде тұрақты түрде өтуі қажет деп санаймын. Адамзатты толғандырған күрделі мәселелер дәл осындай алаңдарда ортаға салынуы тиіс. Азияны бүкіләлемдік рухани даму орталығы ретінде дамыту айрықша маңызды. Сондықтан әдеби үдерістерді жаңғырту үшін жағдай жасау – басты міндеттердің бірі», деді Президент Қ.Тоқаев. Шынымен де, әдеби дискуссиялар ақпарат тасқындап тұрған алмағайып шақта аса қажет. Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы ЭКСПО қалашығының Номад Сити Холл сарайында жалғасын тапты. TED форматындағы «ASIAN LitTALKS» форсайт-сессиясында есімдері әлемге танымал әйгілі ақын-жазушылар «Қаламгер лабораториясы» тақырыбында лекция оқыды.
Руханият • 06 Қыркүйек, 2019
Киелі Қарқаралы топырағы көрсе көз сүйсінер әсем табиғаты, тамырын тереңге тартқан тағылымды тарихымен ғана емес, талай ғұлама ғалымдардың табанының ізі қалған сырға толы шежіресімен де қастерлі. Мұны кезінде қазақтың біртуар перезенті Қаныш Сәтбаев: «Алтайдан Карпатқа дейінгі ұлан-байтақ далада дәл Қарқаралы топырағындай қасиетті жер жоқ» деп дөп басып бағалаған болатын. Міне, осы бір киелі мекеннің қасиетіне қасиет, тарихына тағылым үстейтін есімдердің бірегейі – Құнанбай қажы мен хәкім Абай тұлғасы.