Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019

Ортақ әдеби журнал қажет

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңес Одағы заманында Африка-Азия жазушыларының ынты­мақ­тастық комитеті болған еді. Сонда біз жиналып, сөз бостандығы, тәуел­сіздік, халықтардың сана-сезімі жайында жиі айтып, жеңіске жеттік.

Ортақ әдеби журнал қажет

Көптеген мемлекет тәуелсіздігін алды. Бұл бүкіл әлемдегі ұлы қозғалыс болатын. Бірақ КСРО күйрегеннен кейін басымызды біріктіретін орган болмады. Осы орайда қазақ бауырларымыз бұл бағытта ілгері жылжып, қуантып отыр. Жаһандану жағдайында бұл өте маңызды.

Азия қаламгерлеріне ортақ жур­­­нал шығарылса деймін. Онда шығармаларымызды бәрімізге қол­жетімді тілде жариялап отырған жөн. Мәселен, ағылшын, орыс және араб тілдерін таңдауға болады. Бұл біздің жас авторларымыздың танымалдылығын арттыруға септігін тигізер еді. Біріктіруші қозғалыс бүгінгі сын-тегеуріндер мен проб­лемаларды, оның ішінде әлемде орын алып жатқан зұлымдықтар мен қантөгістерді шешу үшін де қажет. Өйткені мұндай терең әрі өткір проб­лемаларды шешуге рухани даму ғана өз септігін тигізе алады.

Гүлназар КЕЛДИЕВ,
ақын (Тәжікстан)