Руханият • 06 Қыркүйек, 2019
Алтай сапары: «Ким» тегін іздеу жолында
Біз корейлер Алтайды ықылым замандардағы арғы ата-бабаларымыздың отаны деп білеміз. Егер де адам баласының арғы тегіне оралу құлшынысы мен түйсігі (һоming instinct) тұрғысынан қарайтын болсақ, корейлердің түпкі тегі шыққан жер деп болжанған Алтай өлкесіне деген ықылас пен қызығушылық арта түседі. Оған қоса аталған өлкеге сансыз адамның ағылуына әкеліп соғар еді. Алайда Алтай бүгінде біз үшін аңыз-әпсаналарға ғана арқау болған, жетуі қиын шалғай өңір.
Руханият • 06 Қыркүйек, 2019
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы үшін қатал тағдырдың иі жібіп, жақсылықтың нышаны байқалды. «Халық жауы» ретінде атылып кеткен, елдің рухани көсемдеріне айналған бірқатар тұлғалар ақтала бастады. Ал 1955 жылдың жазынан Қытайдағы қандастарымыздың тарихи отандарына бет түзеген ұлы көші, әбден езгі мен қанау көрген әрі біржақты экспансияға ұшыраған мемлекет құрушы этностың бойына жаңа бір леп әкелгені рас еді.
Экономика • 06 Қыркүйек, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында «Украина – Қазақстан, Орталық Азия» тақырыбында Қазақстан – Украина бизнес-форумы өтті. Шараға екі елдің өңірлік мемлекеттік органдары, бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары, несиелік ұйымдар қатысты.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2019
Worldskills-2019 жүлдегерлеріне құрмет
22-27 тамыз аралығында Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласында WorldSkills стандарттарының кәсіби шеберлік бойынша 45-ші әлем чемпионаты өткен болатын.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019
Үлгілі отбасын анықтайтын байқау
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы бекіткен болатын. Отбасы институтын нығайтуға, халқымыздың отбасылық, рухани және адамгершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқауға биыл 3204 отбасы қатысқан. Осыған дейін қатысушылардың 36%-ы көп балалы отбасылар болса, биыл 80%-ды құрап отыр. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.