Әлем • 28 Қыркүйек, 2021
Пандемия: Дамыған елдерді үлкен сынақ күтіп тұр
ЭДИНБУРГ. Шартараптың түкпір-түкпіріндегі, Африкадағы табысы төмен мемлекеттер бақуатты елдерден қолданылмаған миллиондаған коронавирус вакцинасын қоқысқа тастамай, көмек ретінде беруін сұрап отыр. Ал АҚШ пен Еуропа биыл «Үлкен жетілік» саммитінде берген уәдесін орындап, 2022 жылдың соңына дейін әлем халқын вакцинамен қамтамасыз ететініне күмән туа бастады.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2021
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков негізін қалаған «Торғай әуендері» фестивалі – осы өңірден түлеп ұшқан талай таланттың жолын ашып, үлкен өнерге жолдама берді. Өткен аптаның аяғында Арқалық айтулы фестивальдің елу жылдық белесін атап өтті. Торғай төрін екі күн бойы ән-күйге бөлеген мерекелік шара биыл бокситі бітіп, енді өңдеу өнеркәсібіне иек артқан қаланың 65 жылдығы мен ұлт аяулысы, тарихшы, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдығына арналды.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2021
«Нені сүйдім, неден күйдім, Қазысы оның – арым мен бір-ақ Құдай...» Абай
Өнер • 28 Қыркүйек, 2021
Ғаламтордағы ғаламат технологиялар дәстүрлі медианы ығыстыра бастады десек те, телеарна ұрпақ тәрбиесіндегі қуатты құрал болып қала бермек. Көкжәшіктен көргені мен көңілге түйгені көп кішкентай көрерменнің келешегі де кемел.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2021
Шетелдік әскери кадрлар Өзбекстанда даярланады
Шетелдік әскери кадрларды даярлау Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Тиісті жарлыққа Президент Шавкат Мирзиёев 20 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.