Білім • 06 Қыркүйек, 2024
Биыл оқу жылында 4 миллионға жуық оқушы мектепке барды. Буыны қатайып келе жатқан балалардың күн тәртібі жазғы демалыстан кейін қайта жаңарып, оқушы соған бейімделе бастайды. Дәл осы шақта ата-аналар баланың дұрыс жетілуін ойласа, кейбір артық нәрселерден тыйып, сабаққа зейінін аударғаны абзал.
Әскер • 06 Қыркүйек, 2024
Әскери әлеует: бес сатыға жоғарылады
Жуырда әлемдегі 145 елдің әскери күш-қуатын бағалауда негізгі құрал болып келе жатқан Global Firepower (GFP) индексінің 2024 жылғы жаңа рейтингі жарияланды. Мұнда әр елдің әскер саны, әскери техникасы, экономикалық тұрақтылығы, ресурстарға қолжетімділігі мен стратегиялық географиялық орналасуы сынды 60-тан астам параметрі есепке алынған.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2024
Өскенде өзі біле ме? Репродуктивті денсаулықты сақтауды ертерек ойлаған жөн
Қандай ұлт жүз жерден дамыса да, жас ұл-қызымен ашық талқылауға тартынатын, айтуға қымсынатын тақырып болады. Сондай тақырыптың бірі – жыныстық сауаттылық. «Ұят болады» деп жүргенде өзі үйде, қылығы түздегі ұл мен қыз албырт жастықпен түрлі қателікке ұрынып, салдары өмірінің соңына дейін ілесетін қасіретке ұласып жататыны жасырын емес. Оған қоса білмеген у ішетінін ескерсек, «көрсоқыр» болып отыра берудің кері салдары әртүрлі. Мәселен, бұл бедеулікке бастайтын жыныстық жұқпалы аурулардан бастап, бесіктен белі шықпай жатып түсік жасатқызу, қаламаған баладан бас тарту деген сияқты жалпылама жалғаса береді. Айтуға оңай болғанымен, әрбір осындай келеңсіз оқиғаның астарында адам тағдыры жатыр.
Денсаулық • 06 Қыркүйек, 2024
Атырау облысының дәрігерлерін алаңдататын түйткілдің бірі – қатерлі обыр дерті. Әсіресе өкпе және жатыр мойны секілді онкологиялық аурулардың азаймай тұрғаны алаңдатады.
Жұмыс • 06 Қыркүйек, 2024
Жұмыс берушілердің алқалы жиыны
Астанада Қазақстан жұмыс берушілерінің съезі өтті. Алқалы жиынға Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) делегациясы қатысып, еңбек адамының беделін арттыру, жұмысшылар мүддесін қорғау мәселелері талқыланды.