Театр • 27 Қыркүйек, 2023
Грузия еліне алғаш рет өнер сапарымен барған «Астана Опера» ұжымы Тбилисиден табысты оралды. Ш.Руставели атындағы Ұлттық мемлекеттік академиялық театр сахнасындағы «Тбилисидегі дала үні» концертін шетелдік көрермендер зор қошеметпен қарсы алды. Қазақстандық авторлардың туындылары мен әлемдік музыкалық жауһарлар енген бағдарлама тыңдарманын тебірентпей қоймады.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2023
«Cultural Dialogue» қоғамдық қоры мен Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі бірлесіп, «Алма» атты жаңа альбомды жарыққа шығарды. «Алма» альбомының жарыққа шығуына ЮНЕСКО жанындағы ұлттық комиссия да қолдау білдіріп, көрнекі жинақты көпшілікке таныстырған игілікті іс-шараның мазмұнын тұсаукесермен бірге танымы терең көрме ұйымдастыру негізінде байыта түсті.
Ән • 27 Қыркүйек, 2023
Әннен басқа арманы болмаған адамдар бар өмірде. Сонау дәуірлерден, есте жоқ ескі күндерден адамның өзі емес, ән көшеді болашаққа. Бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы халықтың рухы мен жанының көрінісі, сөз бен саздың қосындысы – ән. Ұлттың қаны мен жаны, нәрі мен бары. Одан асқан, одан өткен не бар дүниеде? Нешелеген замандардың иінін талдырып келген ән құдірет кезеңнен кезеңге, уақыттан уақытқа оңай көше ме? Алтын жүректер, кіршіксіз күміс кеуделер арқылы көшпей ме? Кісісін таңдап, тұлпарын талғап қонады.
Көрме • 27 Қыркүйек, 2023
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қазақ балет өнерінің хас шебері, педагог Болат Аюхановтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Менің балетім» атты көрме ашылды. Еңбек күні аясында есік ашқан көрме таңғажайып талант иесінің өмір белестерінен, шығармашылық жолынан хабар береді.
Таным • 27 Қыркүйек, 2023
Алаш тақырыбын кешенді қарағанда ұлт-азаттық қозғалыстың қазақ халқын саяси, мәдени, рухани дамудың белгілі сатысына көтергенін айтамыз. Патшалық отаршылдық езгіге қарсы күш ретінде пайда болған Алаш қозғалысы ұлтты ұйыстырып, саяси-азаматтық сананы оятып, атамекеннің біртұтастығын қорғауға жол ашты. Сондай-ақ ұлт тарихында бұрын-соңды болмаған қозғалыс қазақ халқының туған тілін, баба дінін, ұлттық болмысын сақтауға септесті.