Өнім • 01 Қыркүйек, 2023
Жетісу: жабайы сауданың «жәрмеңкесі»
Талдықорғандағы орталық көшелерде заңсыз саудамен айналысушылар азаяр емес. Бүгінде қала басшысы Ернат Бәзіл сол жабайы сауда жасайтындармен алысып жүр. Жолды бөгеп, кептеліс жасаған ағайынның айтар уәжі – бала-шағаның қамы. Ал әкімдік заңға сүйеніп, шаһардың сәнін бұзуға болмайтынын ескертеді. Тіпті сатушыларға жаңадан жұмыс орнын тауып беруге пейілді.
Президент • 01 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті және Өзбекстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басылым • 01 Қыркүйек, 2023
Қазақстандағы саяси реформалар
30 тамыз – Қазақстан Конституциясының күні. Бұл – 1995 жылы Қазақстан Конституциясының қабылданғанына орай республика бойынша мерекелік іс-шаралар, концерттер мен көрмелер өтетін мемлекеттік мереке. Осыдан 28 жыл бұрын елде демократиялық зайырлы мемлекет құру туралы референдумда қабылданған шешім маңызға ие. Құжатта бостандық, теңдік және келісім мақсаты жарияланды. Республиканың ең жоғары құқықтық құжатына бес рет түзету енгізілді. Соңғы рет 2022 жылы өзгерістер қабылданды.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2023
Тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізге Кеңес үкіметінен атом бомбасының мол «мұрасы» қалды. Тоғызыншы территорияның қай бағытта дамитыны, қандай жолды таңдайтыны да «төртінші арсеналды» қалай пайдаланатымызға тікелей байланысты еді. Еліміз бейбіт жолды таңдады, сонымен бірге әлемге қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамыту жолында үлгі көрсетті.
Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2023
Еліміздің ең ұлық мерекесі – Конституция күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 120 тұрғынға баспана кілті табыс етілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріліп отыр.