Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2022
Ғалым Ахмедьяров: Жаңа маусымда жаңалық көп
«Астана Опера» үшін маңызды күн таяп қалды – 9 қыркүйекте театрдың Х мерейтойлық маусымы басталады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров елімізден тыс жерде де танымал болып үлгерген шығармашылық ұжымның көрермен қауымға не дайындағаны туралы айтып берді.
Өнер • 06 Қыркүйек, 2022
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Қытай өнері» көрмесі ғасырлар қатпарынан сыр шерткен бірегейлігімен маңызды. Қытай императорының жылына тек бір мәрте ғана киетін киімі қандай, қызыл-жасыл өрнегімен көз тартатын вазаларының тым биік болып келу себебі не, ксилография көшірмесін неліктен түпнұсқадан ажырату мүмкін емес, міне, қытай өнерінің көрмесін тамашалауға келген әр адам осы тектес сұрағының жауабына қанық болып, өзіне жұмбақ жәдігерлердің танымдық сипатына тереңдей алады.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Қазақ поэзиясына «өртке тиген дауылдай» соны леп, жаңа дауыс әкелген көрнекті ақын Қасым Аманжолов көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, айрықша қолтаңбасын қалдырған. Тіпті әдебиетімізде кенжелеп қалған осы жанрдың дамуына зор үлес қосты деуге болады. Талантты суреткердің Батыс пен Шығыс позиясын жетік білгендігі сондай, ол солардың ішінен өз жүрегіне жақын ақындарды таңдап, солардың шығармаларын аударған секілді. Әсіресе Д.Байрон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Т.Шевченко, В.Маяковский А.Твардовский, Низами секілді айтулы ақындардың тәржімалаған туындыларын көркем аударманың үздік үлгілері деп айта аламыз.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Күз – ақындар маусымы. Осы мезгілде шабыты желдей ескен талант иелері жазбен қоштасып, күзді қарсы алады. Әрине, жүректен шыққан жырларымен. Әдебиет әдебиет болғалы күз туралы толғанбаған, күзге жан сырын айтпаған ақын аз шығар. Ескі кітаптарды парақтап отырсаңыз, аға буын ақындардың сүйікті мезгілге арнаған алуан түрлі жырларына тап боласыз.
Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022
Әдебиет туралы айтылар анықтама көп. Өнер, көркем ой, талант, шеберлік, суреткер, сезім, шабыт. Ең бастысы, әдебиет әрқашан өмірді жырлайды. Адам жанының тереңіне үңіледі. Әр сәтін, әр күйін, әр құбылысын суреттейді.