Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысы Қамысты ауданының полиция бөлімінде музей ашылды
Бұл жерде Қазақстанның ішкі істер органдарының қалыптасуынан сыр шертетін бірегей экспонаттар жинақталған. Музейдің ашылуында Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен «Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Князев қатысты. Бұл туралы Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар мемлекетте Қазақстан елшілері тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен бірқатар мемлекетте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019
Оқушылар қарттарды мектепке шақырды
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1-қазан - қарттар күніне орай «Үлкенге бізде ізет бар» атта құрмет күнін өткізді. Білім ордасының оқушылары ата-әжелерін мектепке шақырып, олардың өмір туралы терең ойларын тыңдады.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019
Қарағанды облысының тұрғынында 65 млн теңгеден аса салық берешегі бар
Аталған рекордтық берешек сомасы жер салығын төлемеу себебінен пайда болған. Көрсетілген соманың негізгі қарызы 37 млн-нан асады, ал есептелген өсімпұл 27 млн теңгеден көп. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2019
«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын іріктеу аяқталды
Қазақстанның өңірлерінде «Еңбек жолы» конкурсының бірінші кезеңі өтіп, онда онлайн-дауыс беру жолымен «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша көшбасшылар іріктелді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.