Экология • 05 Қыркүйек, 2022
Сәкен жырлаған Көкшенің қарағай орманының арасында отырып менің көзіме Қазақстанның сонау шетіндегі Ресейдің Астрахань облысымен шектескен баяғы Бөкей Орданың Жәңгір хан отырғызған, қолдан еккен, отыз шақырымға созылған қарағай орманы елестейді.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022
Мемлекет және қоғам қайраткері Оңалсын Жұмабековтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тегімізді жазуды қашан түзейміз?» (18 мамыр 2021) атты бүгінгі қоғамымыздағы көкейкесті мәселелердің бірін қозғаған көлемді мақаласына қатысты өз пікірімді бөліскім келді. Автор көтерген тақырып әлі күнге дейін өзекті. Тіпті біраз уақытқа дейін күн тәртібінен түспейтіні анық. Қалай болғанда да қоғам болып, мемлекеттік билік өкілдері болып, зиялы қауымның пікірін елеп-ескере отырып, тегімізді жазуда заңдық тұрғыдан ортақ бір тоқтамға келгеніміз жөн.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022
Жаңа оқу жылы қарсаңында Орал қаласында колледж студенттері үшін 150 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жеке инвестордың қаражатына салынған жаңа ғимараттағы орын ақысы қолжетімді.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022
Сақтандыру жүйесімен қамтылмаған
Абай облысында 100 мыңнан аса адам медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген. Бұл туралы таяуда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022
...Тұлымшағы желбіреп, көңілі әлденеге елжіреп, есік алдынан анадай еңіске, топтана бері бет түзеген аттылы адамдарға қарай ызғыта жөнелген кішкене қыз өз аяғына шалынып, жер сүзе мұрттай ұшты. Азанда Қызбел ауылын дүрліктіре жосыған «Міржақып көп адаммен келе жатыр екен», деген хабарды құлағы шалып қалған төрт жасар Гүлнәр еді бұл. Осы ауылға қайтып оралмақ боп әкесі Міржақып, біраз күн бұрын Атбасар асып кетіп еді...