Кино • 27 Қыркүйек, 2022
Астанада «Дос-Мұқасан» фильмінің жабық премьерасы өтті. Аты аңызға айналған музыкалық ансамбль туралы көркем драма 29 қыркүйекте Қазақстан бойынша прокатқа шығады.
Театр • 27 Қыркүйек, 2022
Өз алдына жеке отау тігіп өмір сүріп, министр бекіткен меншікті басшысы, мемлекеттік мәртебелі мөрі болса да, әлі күнге басыбайлы дербес сахнаға қолы жетпей келе жатқан Болат Аюхановтың балет театры биылғы жаңа маусымын «ТЮЗ» аталып кеткен театрдың сахнасын жалға алып ашты. Аюханов театры үшін қалыпты жағдай саналатын көшпелі маусымашар салтанаты мұндай қиындыққа мойымайды, ізденіс жолындағы театр жыл сайын жаңа премьера ұсынуды дәстүрге айналдырған.
Сұхбат • 27 Қыркүйек, 2022
Мынау зымыраған заманда кітапхана оқырманға кітап ұстатып, кітап қабылдап қана отыратын орын емес. Бағыты да, мақсаты да өзгерген. Алдыңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жалақыларын көтеруді тапсырып, кітапхана қызметкерлеріне тың серпін берген. Содан бері бұл салада не өзгерді, не істелді деген оймен облыстық А.Пушкин атындағы кітапхананың директоры Бибігүл Жамбылқызымен әңгімелескенбіз.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, темекі бұйымдарының бөлшек саудасымен айналысатын қазақстандық бизнесмендерге арналып Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында тауарларды цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын өткізді. Жалпы, осындай семинарларды Қазақстанның тағы 15 қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2022
Енді қазақстандық автокөліктердің нөмірлік белгілерінде арнайы QR-код болуға тиіс. Сол арқылы нөмірлік белгінің жалған-шыны тексеріледі. Бұл туралы Қазақстан стандарттау және метрология институты хабарлады.