Мектеп • 26 Қыркүйек, 2024
Шағын мектептердің сапасы артады
Еліміздегі бес өңірде шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру бағытындағы жоба қолға алынбақ. Аталған жоба келесі жылдан бастап іске қосылады. Қазір қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ғылым • 26 Қыркүйек, 2024
Ғылыми байланыстың жаңа кезеңі
Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы кеңесінің 37-мәжілісі өтті. Осы жолы Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараға Ресей, Қытай, Қазақстан, Беларусь, Армения, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Черногория, Әзербайжан, Куба елдерінің Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысты.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Павлодарда «Алтын сақа» қосымша білім орталығы ашылды. Жалпы саны 18 мың баланы қамтуға арналған ұйымда IT-студия, роботтехника үйірмелері, шығармашылық, спорттық және музыкалық бағыттағы секциялар жұмыс істейді.
Айбын • 26 Қыркүйек, 2024
«Күрең берет» – біліктілік сынағы
Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында «Күрең беретке» үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысты.
Білім • 26 Қыркүйек, 2024
Астанада Қазақстан мен Малайзияның білім саласындағы ынтымақтастығы талқыланып, жетекші университеттердің қатысуымен арнайы көрме ұйымдастырылды. Жиын қонақтары оқуға түсу үдерісі, шәкіртақы мен грант алу мүмкіндіктері туралы сұрастырып, оқу бағдарламаларымен танысты. Бұдан бөлек, екі ел арасындағы визалық рәсімдер, өмір сүру шығындары, мансаптық мүмкіндіктер жайында ауқымды семинар өтті.