Еңбек • 27 Қыркүйек, 2023
Кәсіп адам таңдамайды, еңбекке ынтаң болса, жетіп жатыр. Қарекет берекетке әкеледі. Ауылда жатып та әлемді аузына қаратқандар бар. Мәселен, Жетісуда дәрілік шөптерді өсіріп, сыртқа сатып отырған «Azia Gold» ЖШС кәсіпорнын бірі білсе, бірі білмейді. 30 жылдық тарихы бар өндіріс орнының иесі Алексей Коржиков шипалы шөптермен Еуропаға жол ашып отыр. Кәсіпкердің еңбегіне үңілсеңіз, ел іші ырысқа толы екеніне көз жеткізесіз.
Мәдениет • 27 Қыркүйек, 2023
Атырау облысы мен Ресейдегі Астрахан өңірі арасында ежелден барыс-келіс, алыс-беріс тек экономикалық байланыста ғана емес, рухани, мәдени бағыт та қарқын алған. Ал биыл қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай бұрынғыдан беки түсті. Жақында атыраулық Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі көрші елге арнайы гастрольдік сапармен барды.
Туризм • 27 Қыркүйек, 2023
Елімізді төрткүл дүниеге танытатын жол
Табиғаты тамылжыған елімізде туризм саласын дамытуға мол мүмкіндік бар. Айдын шалқар көлдер мен мәңгі жасыл қарағайлар, қолдың саласындай ақ қайыңдар көмкерген жалпақ даланың өрі мен еңісі тылсым тарихқа тұнып тұр.
Теннис • 27 Қыркүйек, 2023
Теннистен жұптық сындағы еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилина Қытайдың Нинбо қаласында шымылдығы түрілген WTA 250 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Пікір • 26 Қыркүйек, 2023
Шикізат өндірудегі келелі ұсыныс
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің стратегиялық даму жоспарларын халыққа ашық жариялауымен ғана емес, оның орындалу технологиясын мәлімдеуімен де құнды. Жолдау ел ішіндегі ұзақ уақыт бойы тұралап қалған мәселелерді де қамтыды. Бүгінде металлургия және кен байыту, геология, минерология салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар Жолдауда айтылған маңызды тақырыптың мәнін ашып, алдағы бағыт-бағдарларын талқылап жатыр.