Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2017
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Қызметтік көліктерге арнайы белгі орнатылмақ
Таяуда Қарағандыда Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл стратегиясын жүзеге асыру бойынша Арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті. Аталған орган Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында жұмыс атқарады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Кәсіпкерлерге «QAMQOR» қолдау көрсетеді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасын арттыруда, халқымыздың тұрмыстық ахуалын жақсартуда, сөйтіп жалпы мемлекетіміздің мәртебесін көтеруде шағын және орта бизнестің рөлі зор екенін үнемі айтып келеді.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017
Келесі жылы Марқакөлдің жағасындағы Ұранқай ауылында жаңа мектеп бой көтереді. Бұрын Марқакөл ауданының орталығы болған Теректі (қазіргі Марқакөл) елді мекеніндегі ауылдық аурухана да күрделі жөндеуден өткізіліп, емхана ішінен 10 орындық перзентхана ашылмақ. Сегіз ай қытымыр қысы бар, облыс орталығынан тым шалғайда орналасқан, елдің шетіндегі, желдің өтіндегі, шекара түбіндегі ауыл тұрғындарына мұндай жағымды жаңалықты Марқакөл өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында өңір басшысы Даниал Ахметовтің өзі жеткізді. Ұранқай ауылындағы білім ордасы осыдан бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған болатын. Тәрбие ошағының жағдайын көрген облыс басшысы Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевқа 80 немесе 100 орындық мектептің құжаттарын әзірлеуді тапсырды.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2017
Баянауылдағы айтыстың бас жүлдесі Мақсат Ақановқа бұйырды
Қыркүйектің 23-і күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Жұмат Шаниннің 125 жылдығына орай республикалық айтыс өтті.