Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Даудың басы – рәсімді сақтамау
Жаңа аптаның басы 25 қыркүйек күні Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин ресми сапармен Ұланбатырға келген болатын. Оны Моңғолия Парламенті – Ұлы Құрал басшысы Г.Занданшатар үкімет үйінің алдындағы Шыңғыс хан алаңында құрмет көрсетіп қарсы алған-тын.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Табиғи өсімі жоғары Түркістан облысында дәрігерлер сүйіншілеп, елге тағы бір жағымды хабарды жария етті. Облыстық №1 перинаталдық орталықта 40 жастағы ана 11-баласын өмірге әкелді. Дәрігерлердің көмегімен, отасыз.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023
Көкшетаудан шығып, Зеренді ауылына қозыкөш жер қалғанда қамшылар жақ бетте өзіндік сән-салтанатымен ақ торғын бұлттың астынан жанары жарқ ете түскен күннің көзіндей күлімдеп Балқадиша кешені көзге шалынар еді. Өкпек жолаушының ойына ілкідегі аңыз түспек.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Елордалық спортшылар финалға шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық гимнастикадан Астана қаласының спортшылары Аида Бауыржанова мен Әмина Халимарден көпсайыстың шешуші сынына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2023
Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысының депутаттарымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысы депутаттарының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты және парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.