Саясат • 26 Қыркүйек, 2023

Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысының депутаттарымен кездесті

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысы депутаттарының делегациясымен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты және парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев Вьетнам Ұлттық жиналысының депутаттарымен кездесті

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Мәулен Әшімбаев шетелдік әріптестеріне ілтипат білдіріп, бүгінде Қазақстан мен Вьетнам арасында жоғары деңгейде сындарлы және өзара сенімге негізделген диалог орнағанын атап өтті. Алдағы уақытта екі елдің Мемлекет басшылары белгілеп берген өзара іс-қимылдың осы қарқынын әрі қарай жалғастырудың маңызы зор.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары екіжақты байланысты дамытуға тың серпін берді. Сапар аясында ынтымақтастықтың түрлі саласы бойынша маңызды құжаттарға қол қойылды. Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бөлігі екені сөзсіз. Бүгінгі кездесу аталған сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесі екенін де атап өткен жөн. Алдағы уақытта салалық комитеттер мен «Қазақстан-Вьетнам» достық топтарының депутаттары арасында тиімді байланыс орнату заңнамалық бағытта тәжірибе алмасу жолындағы нақты қадам болары анық», деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Спикері өңіраралық даму аясында Қазақстанның облыстары мен Вьетнамның провинциялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қатысты ұсыныс айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетіне назар аударды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан экономикалық реформаларға да тоқталып өтті. Мәулен Әшімбаев кешенді реформаларды іске асырудың нәтижесінде шетелдік инвесторлар үшін түрлі салада жаңа мүмкіндіктер пайда болып жатқанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Вьетнам Ұлттық жиналысы Төрағасының орынбасары Нгуен Хак Динь Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жоғары бағалап, көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35