Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
Найза ұшымен бұлт үркітіп: Тоқтамыс батыр тұр Тәуелсіздік тұғырында
Сәтін салған істің қайыры барына тағы бір мәрте көз жетті. Семейден сергек аттанып, қуана күпініп, көңіл масайрап, үміт жетелеген үлкен жолдан Абай бабаға қатысты қасіретті де шадыманды ширатпа шежіренің шетінен ұстай жүгіргендей кейіпте едік. Қарауылға дейінгі даңғылдың қос қапталы тұнған тарих, тамсантқан тәлім, жүрек лүпілдетер қазына-қамбаға бай екен. Сонау Шыңғыстау сілемдеріне іліккенше небір тосын сырлы, таңданыстан таңдай құрғаған аңыз іспетті, бірақ астары шындықпен шыланған нағыз нәпақалы уыз-нәсіптің сөлінен мейір қандырғанымыз рас. Иә,иә, солай! Барлық құбылысқа Абайдың көзімен, Шәкәрімнің шерімен, Мұхтардың сөзімен таңба-таралғы тартқанбыз. Ол жағын сәл ірке тұралық... Себебі бар.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауынан көп жайтты түсіндік. Жолдауда қоғам дамуының басты-басты бағыттары айқындалып, зор міндеттер жүктелгендігі белгілі.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Ольга Рыпакова: Этносаралық татулық – ел тұтастығының кепілі
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауында Қазақстан қоғамын толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жауап берілген. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудың аты айтып тұрғандай, маңызды құжатта қоғамдық диалогқа, ашықтыққа, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуға ерекше екпін берілген.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Ел ішінде ер-азаматқа екі нәрсеге ерекше мән беру керектігі ескертіледі. Әзіл ретінде айтылғанымен, түбінде зіл жатқанына көп адам көңіл бөле бермейді. Оның бірі – мамандық, бірі – өмірлік жар. Иә, екеуінің де адам өмірінде айрықша рөл атқаратыны бесенеден белгілі. Ғұмыр-дарияға бірге түсіп, сезім қайығының ескегін қатар есетін өмірлік жарыңды көргенде көзің қуанып, көңілің жайланса онда жар таңдаудан жаңылыспадым дей бер. Ал күніңнің көп уақытын өткізетін қызметіңе қызығып, мақсат-мұрат жолында маңдайтеріңді төгетін мекемеңе мейлінше ерте барып, еркін жүріп, құлшына еңбек етсең, бұл да жолыңның болғаны. Сүйген жар мен сүйікті қызметтің алар орнын айттық. Бірін ойлап үйге асықсаң, бірін ойлап түзге асығасың. Біздің айтпағымыз махаббат емес, мамандық болмақ.
Экономика • 24 Қыркүйек, 2019
Ұлттық банкке теңгенің нығайғаны тиімсіз бе?
Өткен аптада «қара алтын» құны 60 доллардан 68 долларға күрт көтерілгенде көпшілік доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендейтін болды деп күткен.