Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
Әділет үстемдігіне жол ашатын құжат
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілді. Бұл қоғамда заң үстемдігін орнатуға бағытталған маңызды қадам.
Медицина • 28 Қыркүйек, 2021
Нәрестеңіз неонаталдық скринингтен өтті ме?
Жыл сайын Қазақстанда 400 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Әрбір сәбиге туғаннан кейін бірден міндетті түрде неонаталдық скрининг жүргізілуге тиіс. Бұл МӘМС пакеті бойынша толық қаржыландырылады. Неонаталдық скрининг деген не? Одан өту тәртібі қалай? Осы іспетті сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық генетика бойынша штаттан тыс бас маманы Гүлнар СВЯТОВА жауап берді.
Коронавирус • 28 Қыркүйек, 2021
Жалпы, жаһандық індетпен Жетісу жұрты жан аямай күресіп келеді. Бүгінде «Қызылдан» құтылып, «сарыдан» асып, «жасыл аймаққа» жол салуда. Індеттен айыққандардың саны артып, сырқаттанғандардың жылдам жазылып шығуы көңіл қуантады. Екпе алудан ең үздік көрсеткіш те осы өңірде. Мұғалімдердің 99,9 пайызы екпе алса, жалпы жұрттың үштен екісі вакцина салдырыпты. Тіпті, тоқсанға таяған қарттар да қатардан қалмауда.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тізбесі кеңейтілді
Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2021
Қай кезде болсын, қарама-қайшылыққа толы мына қоғамда кей елдер тіпті қоқыстың өзін кәдеге жаратып, орасан пайда тауып жатқанда, енді бір елдерде ең нашар экологиялық сценарий орын алып отыр.