Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022
Қоқыс ортасында қалған елді мекен
Қоқыс қай жақта да бар. Бірақ Байзақ ауданындағы ағайын қолқаны қапқан иістен әбден зәрезап болған. Өртенген қоқыстан шыққан түтінге тұншыққан халықтың жергілікті атқарушы билікке деген өкпесі қара қазандай. «Қусақ-2» ауылының тұрғындары 13 гектар аумақты алып жатқан қоқыс полигонынан қашып келген қаңғыбас иттерден де шаршағанын айтады.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2022
Жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі 2022 жылдың 1 қазанында аяқталады. Жалпы, осы уақытқа дейін 1,7 млн меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамаған.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2022
Жапон философиясында «Өзгерісті өзіңнен баста» деген қағида бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы қағиданы берік ұстанып отыр. Елге жетекшілік ететін басшының өз туыстарын билікке тартпау, Президент мандатын бір мәрте ғана жеті жылға белгілеу, елге әділетті, адал қызмет ету, жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруға үндеу – Жолдауда көпшіліктің көкейіне қонған қағидаттардың бірсыпырасы осылар.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2022
Жауапкершілік бәрімізге жүктеледі
Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауында Жаңа Қазақстандағы мемлекетіміздің экономикасы мен әлеуметтік мәселелеріне ерекше мән беріліп отыр. Қазақстанның әлемдік геосаяси үдерістерге қосып жатқан үлесі баршаға белгілі.
Пікір • 27 Қыркүйек, 2022
Президент сайлауы – соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың заңды жалғасы. Себебі 2019-2022 жылдары Президенттің саяси бастамаларының мазмұнды және ауқымды пакеті заңнамалық деңгейде жүзеге асырылды. Президент бір мерзімге ғана сайланады. Бұл билік монополиясын болдырмайды. Әділетті Қазақстан құру жолында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік трансформацияны толыққанды әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін Президентке жаңа сенім мандаты қажет.