Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
Өзендер өрнектеген Өскеменге түс ауа келіп жеткен жүрдек пойыздан түскен біз қала ішінде көп аялдамай төр Алтайды бетке алдық. Облыс орталығының оңтүстік-шығысынан бірден басталып кететін тау арасындағы құба жол ерекше әдемі. Қос қапталдан ілесіп отыратын жоғарылы-төменді беткейлерде шабындығыңыз да, егістігіңіз де жасыл жазира болып құлпырып тұрады. Әсіресе, жартастарды жарып шығатын қарағайлар мен қайыңдардың сыңсып өскен нуы да, шоқтанып өскен тоғайлары да көңілге ерекше күй береді. Әлсін-әлсін тоқтай қалып, көкірегіңді толтыра тыныстап, таспаға тарта бергің келеді.
Туризм • 06 Қыркүйек, 2021
Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», облыстық ақпарат құралдарының тілшілері Қобда, Ойыл және Темір аудандарының бірқатар тарихи нысандарын аралап қайтты. Жолсапарды Қобда ауданынан бастадық.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2021
2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының соңғы жылдары сәулеттік келбеті артып, көркемдік кеңістігі кеңейіп келеді. Тараз дегенде, көпшіліктің көз алдына шығыстық үлгіде салынған ғимараттар, ықылым замандардан келе жатқан киелі орындар елестейтіні шын.
Экология • 06 Қыркүйек, 2021
Улы көлге бөлінген қаржы игерілмей ме?
Қашаннан Маңғыстау – донор облыс. «Өле жегенше, бөле же»дегендей, қойнауынан шыққан қара алтыннан түскен табысты күллі елмен бөлісіп, ортақ қазанға қомақты үлесін қосып келеді.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021
Жаңа заң жайылым мәселесін шеше ала ма?
Күні кеше халыққа үшінші Жолдауын жариялаған ел Президенті Үкіметке қысқа мерзімде «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасын дайындауды тапсырды. Жаңа заң қарапайым ауыл халқының қордаланған мәселелерін шешіп бере ала ма? Бүгінде өте өзекті болып отырған жайылымдық жерге қатысты қандай нормалар енгізілуі керек? Жайылым иелерінің құқықтық мәртебесін реттеу кезінде нені ескеруіміз қажет? Осыдан 5 жыл бұрын қабылданған «Жайылымдар туралы» заң неге жұмыс істемейді? Халықтың арасында қызу талқыға түскен осы сұрақтарды ауыл шаруашылығы саласының жағдайын жақсы білетін сарапшы, мамандарға да қойған едік.