Таным • 25 Қыркүйек, 2024
Шыңғыз хан ата жұртына оралды...
«Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз», дейді хакім Абай. Қазақ халқының тарихы түгенделмеген, үзік-үзік, тіптен бір парасы өзгелер әңгімелеген шала-шарпы түсініктерден құралған. Оның басты себебі, қазақ тарихы ниеттері бөтен, әркімнің қолында кетті.
Зерде • 25 Қыркүйек, 2024
Бөкенбай Қарабатырұлын неге шатастырамыз?
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Ақтөбе облысы «Ырғыз – Шалқар» тасжолы бойында орналасқан «Бөкенбайдың қарауыл төбесі» атанған тарихи орынға қатысты Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ғылыми кеңес өтті. 2000 жылдың басынан Ырғыз – Шалқар тасжолы бойындағы Бөкенбай Қарабатырұлының қарауыл төбесі маңайында ХVІІІ ғасырда тарихи оқиғалар өткен, саяхатшылар жазбаларында қамтылған. Ғылыми кеңесте мамандар 1710 жылы Қарақұм құрылтайында бас сардарлыққа сайланып, Аңырақай, Бұланты шайқастарында қазақ жасақтарын бастағанымен, әлі күнге дейін тарихи бағасын алмаған Бөкенбай Қарабатырұлына қатысты зерттеулермен бөлісті. Сондай-ақ Самара – Шымкент тасжолы бойындағы шоқының атауына қатысты талас-тартыс өршіп келеді. Ғылыми кеңесте зерттеу жұмысы аяқталғанша шоқының басына мүдделі адамдардың өз бетінше белгі қоюына тыйым салынсын деген шешім қабылданды.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2024
Сутегі атом бомбасын ойлап табушылардың бірі Андрей Сахаров кейін өз ісіне өзі өкініп, диссиденттік қозғалыстың көсеміне айналды. Ол кезде атом бомбасын жасағандар ерекше мәртебеге ие болған. Көбінің аты-жөні мемлекеттік құпияға айналған. Тоталитарлық қоғамда физиктер мемлекеттің ерекше ілтипат-құрметіне бөленеді. Лириктер болса қуғында болды. Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенскийлердің антисоветтік өлеңдері саяси бюроның шамына тие бастаған. Баспасөзде бұл ақындардың аты-жөнін атауға ЦК-ның арнайы рұқсаты керек болған...
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
Орта ғасырда араб тілі – ғылым тілі, парсы тілі – поэзия, түркі тілі жауынгерлік тіл саналды. Осы бір үдерістен болар, түркі ақындары шығармаларын парсы тілінде жаза бастады. Алайда қалыптасқан қатаң қағидатты бұзып, түркі тілінің даңқын асырған алып ақындардың бірегейі – Мұхаммед Физули. Шандоз шайыр мұрасы бүгінге дейін түркі әлемінің еңсесін биіктетіп, руханиятына шам жағып келеді.
Басылым • 25 Қыркүйек, 2024
«The New York Times»: Әуезовке қазанама қалай берілді?
Сонымен, сіз Вашингтон қаласындағы үлкен кітапхананың бірі – Гельман кітапханасында отырсыз. Жай отырмай, АҚШ сынды алпауыт елдің газеті мен журналы қалай шығады екен, олар нені жазып, оқырманына қандай рухани азық береді екен деген сұрақтарға жауап іздейсіз. Әдеттегідей, алып Америкада маңызды да кең таралатын газеттің бірі – «The New York Times». Осы газеттің бұрынғы сандарын парақтап отырып, «ішінде Қазақ, Қазақстан туралы не бар екен?» деген ой да мазалағаны рас.