Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2021
Макулатура, пластик пен шыныға – 2 млрд теңге
Қазақстанда қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарына ӨКМ Операторының субсидиялау мөлшері 2,025 млрд теңгеден асты. Бұл соңғы 5 жылда салалық бизнесті қолдау шараларының рекордтық көрсеткіші.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021
Ірі құс фабрикасы – қажетті жоба
725 мыңға жуық халқы бар Маңғыстау облысы тауық етін осы күнге дейін өзге аймақтар мен алыс-жақын шетелдерден тасымалдап келді. Аймақ тұрғындары орташа есеппен жылына 11,5 мың тонна тауық етін тұтынатындықтан облысқа құс етін шығаратын кәсіпорын ашу қажеттігі байқалды. Осылайша, осы жылдың көктемінде Түпқараған ауданында алғаш рет бройлер тауығын өндіретін ірі құс фабрикасы өз жұмысын бастады.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2021
Рефрижератор вагондар шығарылады
«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» деп аталып, бұрын әскери өнімдер ғана өндірген ең ірі кәсіпорынның аумағында 2019 жылдан бері Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспарының аясында Cool Infinity атты ЖШС ашылып, жұмыс істеуде. Бұл кәсіпорын бұрынғы зауыт аумағын түгел қамтымаса да инфрақұрылымдары барынша жетілдірілген өндірістік аймақтың үлкен бөлігін ұстап отыр.
Туризм • 05 Қыркүйек, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұйымдастырған «Атамекен» республикалық экспедициясы Қарағанды мен Ақмола облыстарынан кейін Қостанай өңірінде жалғасты. «Атамекендіктер» Тобыл алабында орналасқан үш ауданды аралап, киелі орындарға аялдады, жергілікті тұрғындармен кездесіп, өңір тарихы мен ішкі туризмді дамыту жөнінде ой бөлісті.
Футбол • 05 Қыркүйек, 2021
Қазақстандық футбол клубының алты ұпайы шегерілді
ТБК шешімімен «Оқжетпес» футбол клубынан алты ұпай шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) ресми сайтына сілтеме жасап.