Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2022
Ақсу ауданындағы асыл тұқымды сиырлардың аянышты жағдайы әлеуметтік желіде біраз дүрбелең туғызды. Нақты айтсақ, Қызылағаш ауылындағы «Агрохолдинг Ақсу» ЖШС тауарлы сүт фермасы басшылығының жанайқайы ел ішінде қызу талқыланды. Осы істің анық-қанығын білу үшін аталған фермаға хабарласып, мән-жайды анықтаған болатынбыз.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2022
Өткен ғасырдың басында, яғни 1902 жылы дүниеге келген қазақтың танымал қаламгерлерінің бірі Тұрдықан Қасеновтің (даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың атасы) туғанына 100 жыл толуына орай, 2002 жылы аталмыш тұлғаның өмір-тарихы мен шығармашылығына қатысты дерек жинау мақсатында осыдан жиырма жыл бұрын Семей қаласында біраз уақыт аялдаған едік.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022
Он шақты жылдан бері бие сауып, қымыз баптап, оны тұрақты табыс көзіне айналдыра білген Торғай ауылының тұрғыны, зейнеткер Мәлік Бекетов кәсіпкерлікпен қатар, кезінде қазақтың көне тұрмыс-тіршілігінде қолданылған, бүгінде көзден таса болып, ұмытылып бара жатқан ұлттық бұйымдарды, құнды жәдігерлерді көпшілікке дәріптеп келеді.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2022
«Ән айту – поэзия оқудың ең биік шыңы» деген сөзді бір емес, бірнеше мәрте естіп едім. Бұған келісуге де, келіспеуге де болатын сияқты. Әркімнің талғамына байланысты алуан пікір өрби беретіні бар. Қолына домбырасын алып микрофонмен «сөйлеп» әлде «сөйлесіп» тұрған әншіні сан көрдік. Шыбынның дыбысы естілер еді-ау ондайда. Ән шарықтап немесе үзілердей тағы да жалғанған сәтте анау бір тұстан әлдебір тыңдарман еріксіз «пәлі!», деп қалмай ма сонда?! Әнмен бірге тербеліп отырған жан еріксіз ішкі күйін шығарып қоятыны таңсық емес қазақ ортасында.
Өнер • 26 Қыркүйек, 2022
Әлқисса, жақын күні алпамса Арқа төсіне сапарлап, көз жетпес кеңістікке көз суарып, салқар дала иісімен кең тыныстағамыз. Ұшы-қиырсыз көсілген арқар жондар мен түйеөркеш дөңдер, адырна іспетті балуан адырлар состиып тұра қалған. Кенет құлаққа «Арқа аруы» атты әуелеген, жүректі езіп, жанға шоқ лақтырар ән шырқалып қоя берді. Бақсақ, орындаушысы – аңызға айналған Игілік Омаров. Әннің авторы – Илья Жақанов екен.