Білім • 02 Қыркүйек, 2021
Жаңа оқу жылының алғашқы күні Қостанай облысының екі бірдей елді мекенінде қазақ мектебі ашылды. Тобыл бекетінде Білім күні мерекесінде есігін айқара ашқан жаңа мектеп биыл 130 бала қабылдайды. Ал Қарасу ауданының орталығында пайдалануға берілген қазақ мектебінде 320 бала оқитын болады. Жалпы, солтүстікте қазақ мектептерінің аздығы жиі айтылып жүрген мәселе. Бірақ батпандап кірген кеселдің мысқалдап шығатыны сияқты, Тобыл өңіріндегі мемлекеттік тілде білім беретін мекемелер саны жыл өткен сайын еселеніп келеді.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2021
Дүниедегі игілік пен өнертабыс атаулының бәрі мұқтаждықтан, қажеттіліктен туындаған. Былтыр індеттің тырнағы қатты батып еді, қашықтан қызмет көрсету функциясы дамып, түрленіп шыға келді. Тамақ пен киімге онлайн тапсырыс береміз деп ойламаған жұрт, айналдырған алты айда бұл үрдіске қалай қосылып кеткенін де аңғарған жоқ. 2020 жылы бөлшек сауда бірден 4,1 пайыз минусқа кірген. Есесіне электронды сауда e-trading алға шықты. Елімізде онлайн сауда-саттық 57 пайызға ұлғайып, ақша айналымы 1,1 трлн теңгеге жеткен.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысының назарындағы мектеп пайдалануға берілді
Осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan» газеті Арал ауданындағы Сексеуіл стансасында жүздеген баланың темір жол рельстерін кесіп өтіп мектепке қатынап жүргеніне ел назарын аударған еді.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2021
Астанасы 32 рет ауысқан ел туралы 13 дерек
Әлем елдері бір-бірінің тарихи мұраларымен танысып, мәдени байланысын нығайту арқылы достық туын биікке көтереді. Мемлекеттік орталық музей еліміздегі Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе отырып «Иран тарихы, мәдениеті және бүгіні» атты көрме ұйымдастырды. Ежелден бері өзінің тарихымен, жазу, сәулет, әдебиет пен ескерткіштері арқылы әлемге әйгілі елдің өткені мен бүгініне үңіліп көрелік.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2021
Қалаған уақытта қалаған биігіне шығып алатын бағаға әлсін-әлсін құрық лақтырған боламыз, бірақ асау баға ырық берер емес. Арқаға аяздай батқан баға саясатына Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар аударды. Қ.Тоқаев «Инфляцияның бақылаусыз өсу проблемасымен бетпе-бет келдік. Үкімет пен Ұлттық банк бәрін әлемдік үрдіске жауып, инфляцияның алдында қауқарсыздық танытып отыр» деген сөзі арқылы бүтін елдің экономикасын жусатып өргізуге тиіс қос құрылымды ашық айыптады.