Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Бұл суретті 2000 жылдардың басында маған өлкетанушы Клара Әмірқызы берген еді. Фотоны қолыма ұстатарда апай сәл ойланып қалған. Содан соң іле-шала қаламын қолына алып, ескерткішке деп бір-екі ауыз жылы сөз жазған. Сөйткен де атақты Арқа, ондағы табиғат таңғажайыптары туралы тебіреніп, ұзақ әңгіме айтқан. Соның бәрі жадымда. Арада біраз уақыт өтсе де әлі ұмытқаным жоқ.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында еліміздің үшінші жаңғыруға аяқ басқанын жариялаған болатын. Ол «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалғасын тапты. Аталған жоба бойынша, республикамызда білім деңгейі көтеріліп, сапалы мамандар дайындауға мүмкіндік туады. Сонымен қоса, Елбасы осы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынған болатын. Нақтырақ тоқтала кетсек, бағдарламаның мақсаты – туған өлкені, жерді, елді, ауылды қастерлеу арқылы Отанымыз – Қазақстанды сүюге тәрбиелеу.
Жеңіл атлетика • 22 Қыркүйек, 2017
Ашғабадта өтіп жатқан жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнер бойынша V Азия ойындары бел ортасына келді. Жарыстың бесінші және алтыншы күні Қазақстан құрамасының қоржыны төрт алтын, алты күміс және жеті қола медальмен толықты. Әсіресе жеңіл атлеттеріміз жарады. Олардың еншісінде үш алтын, бір күміс және екі қола жүлде бар.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Бүгінгі күні қоғамның барлық топтары мен жіктерін әлеуметтендіру, яғни өмір сүруге ыңғайлы да қолайлы жағдайлар туғызу мәселесі жоғары мәнге ие. Бұған аяқ-қолы балғадай азаматтардан гөрі, мүмкіндігі шектеулі жандар көбірек зәру екені де бүгінгі күннің шындығы. Соңғы кезде олардың өмір сапасын жақсарту мәселелеріне мемлекет тарапынан да жан-жақты көңіл бөлініп келеді. Екіншіден, кейінгі жылдары таза әлеуметтік сипат ала бастаған сүйекті іс-шаралардың бірі өңірлік және республикалық деңгейде өткізіліп жүрген үздік әлеуметтік жобаларға жарияланған конкурстар болып табылады.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Бұл саналылықтан гөрі санасыз психологиялық, сезімдік, табиғи құбылыс. Барлық тіршілік иелері белгілі жерде өмір сүреді. Оны жаратылыстық жағдаймен есептеспей басқа жерге ауыстырсаң, үйренбеген мекен оған кері әсерін тигізеді, өсіп көбеймейді. Мәселен, түрікмен жерінде керемет «ахал-теке» деген сұлу жылқы өседі, ол жері құмды, ылғалы кем, ыстық аймаққа бейімделген. Егер ол жылқыны Англияға, не басқа елге апарсаң, өсіп, көбеймейді. Өшіп бітеді. Бұл – жаратылыстық табиғи заңдылық.