Қоғам • 25 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды тапсырғаны белгілі. Артынша арнайы заң қабылданды. Құжатта қылмысы жеңіл азаматтарды жауапкершіліктен босату, ал ауыр қылмыс жасағандардың жазасын жеңілдету мәселесі қамтылды. Соның нәтижесінде, біраз азамат қамаудан босатылды, бірқатарының жазалау мерзімі қысқарды.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2023
Өңірге іссапармен келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жас ғалымдармен жүздесіп, оқу орнының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ оқушылар мен менторларға арнайы дәріс оқып, білім сапасын арттырудың маңызын түсіндірді.
Сайлау • 25 Қыркүйек, 2023
Сайлаушы сеніміне селкеу түспесін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға сәйкес осыдан екі жыл бұрын ауыл әкімдерін сайлау енгізілген болса, енді алдымыздағы 5 қарашада алғаш рет қанатқақты режімде аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткізілмекші. Бұл – қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы кезекті де маңызды қадам.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2023
Тұзды топырақтан электр қуатын алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында жауапты ұйымға қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын. Мұның себебін Президент 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясының тапшы болатынымен байланыстырды. Бірақ қоғамда атом электр стансасын салуға қарсылық көбейгендіктен, жалпыхалықтық референдум арқылы нақты шешім шығару көзделді. Қауіпті атомнан қуат алатын АЭС салу-салмау туралы бір байламға келе алмай жатқанда колледж студенті электр қуатын тұзды топырақтан алуды ұсынды.
Жастар • 25 Қыркүйек, 2023
UNICEF Talks: Айтары барға – ақ жол!
Астанада БҰҰ Балалар қорының ұйымдастыруымен UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. «Рublic talk» форматындағы іс-шараның басты көздегені – жастардың үнін қоғамға естірту. Жиында он алты жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұған қоса жастар креатив идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.