Ғылым • 25 Қыркүйек, 2023

Жас ғалымдарға жағдай жасалды

251 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірге іссапармен келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жас ғалымдармен жүздесіп, оқу орнының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ оқушылар мен менторларға арнайы дәріс оқып, білім сапасын арттырудың маңызын түсіндірді.

Жас ғалымдарға жағдай жасалды

Білім алуға жасалған қолайлы инфрақұры­лым­ды бағалай отырып, студенттердің оқу ғимараттары мен үйлерін қа­рап шықты. Сала басшы­сы Био­технология және экология ғы­лы­ми-зерттеу институтын­да болып, мекеменің ғылыми қызмет­кер­лерімен кездесті. Диалог барысын­да өзекті жобалар мен олардың даму әлеуеті, атап айтқанда, ауыл ша­руа­шылығы саласындағы әзір­ле­ме­лерге шоғырланған моле­ку­ла­лық генетика және геноми­ка зерт­хана­сының жұмысы талқы­лан­ды. Он­дағы зерттеудің маңызды бағыты – дақыл­дардың икемді­лігі мен әртүрлі стресс факторға төзімділігін арттыру.

Одан кейін министр университетке жиналған облыс жұрт­шылығы өкілдерімен дидарласты. Жиынға тұрғындардан бөлек мем­лекеттік және жергілікті атқару­шы орган­дардың өкілдері, про­фессор-оқыту­шылар құрамы мен жоғары оқу орындарының сту­­дент­тері қатысты. Жиында еліміз бен өңіріміздің ғылым және жоғары білім жүйесін дамы­тудың негізгі мәселелері тал­қыланды. Ми­нистр өз сөзінде еліміздегі ғы­лым, жоғары білім және жо­ғары оқу орнынан кейінгі білім сала­сын­дағы негізгі жетістіктер мен нәти­желерге шолу жасады. Ол ел бо­ла­шағы үшін білім мен ғылымды да­мы­ту­дың маңыздылығын атап өтіп, ми­нистр­ліктің стратегиялық мақ­сат­тары мен басымдықтары тура­лы айт­ты. Білім беру сапасын жақ­сар­туға және ғылыми зерттеулерді қол­дауға бағытталған жоспарлар мен міндеттерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Саясат Нұрбек қазіргі ғылым мен жоғары білім беру жүйесі алдында тұрған негізгі үр­діс­тер мен сын-тегеуріндерге талдау жа­сады. Ол жаңа техно­ло­гиялық және әлеу­меттік өзгеріс­терге бейім­де­лу қа­жет­ін атап өтіп, іс-шара­ға қа­­ты­су­­шыларға белсенді қатысқаны және пікір алмасқаны үшін алғысын біл­­­д­ірді. 

Кездесу барысында сала басшысы тұрғындардың сұрақ­тарына жауап берді. Гуманитарлық ғы­лым­дар жоғары мектебінің оқыту­шы-лекторы 2030 жылдан кейін елімізде жоғары білім алуға арнал­ған гранттардың сақталуына қатыс­ты сұрақ қойды. Бұл мәселе «Келешек» болашақ студенттерді оқыту үшін бірыңғай бірлескен жинақ­тау жүйесін құрумен бай­ланыс­ты туындап отыр. Министр «мем­лекеттік гранттарды бөлу сақ­та­лады, ал жоспарланған «Келе­шек» бағдарламасы гранттың бөлі­нуіне ешқандай әсер етпейді», деп жауап берді. Баланың шотындағы ақша оның грантқа түсу-түспеуі­не қа­ра­мастан сақталады деп нақтылады.

Іс-шара соңында Саясат Нұрбек облыс азаматтарын жеке қабылдап, оларға жоғары білім мен ғылым бо­йынша өз мәселелері мен пікірлерін біл­діруге мүмкіндік берді. Азамат­тар өңірдегі білім беру мен ғылы­ми сала­ны дамытуға байланысты түр­лі тақырыпты талқылауға бел­сенді қатысты. Министр кездесуге қатысушыларды тыңдап, ма­ңыз­ды мәселелерді белсенді тал­қы­лағаны үшін ризашылығын біл­діріп, халықпен ашық диалогтің ма­ңыз­­дылығын атап өтті және Жетісу облысындағы білім мен ғылым­ды дамыту стратегиясын әзірлеу кезінде алынған барлық пікірді ескеруге уәде берді.

Түстен кейін С.Нұрбек Талды­­қорған қаласының мектеп оқу­шыларымен және менторлармен кездесіп, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған жас ұрпақтың қауіпсіздігі, пси­хи­­калық саулығы, зорлық-зом­бы­лыққа қарсы іс-шаралар және білім сапасы тақырыбында дәрі­сін өткізді. Еске сала кетейік, Талды­қорған қаласында облыс әкімі Б.Иса­баевтың тапсырмасы бойынша қанатқақты режімде 1 қыркүйектен бастап Жетісу облысының қоғам­дық даму басқармасы жанынан «Әдеп-тәрбие жөніндегі ментор» жобалық кеңсесі құрылған еді. Он­да­ғы мақсат – оқушылардың тұл­ға­лық дамуын менторлық сүйе­мелдеу және құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрінің алдын алу арқылы бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Жобаның мазмұнымен танысқан министр оның маңыздылығын атап өтіп, оқушылардың сауатты өмір сүруіне, өз жолын оңай табуына жәр­демдесетініне сенім білдірді.

 

Жетісу облысы