Мультимедиа • 25 Қыркүйек, 2023
Жуырда АҚШ-тағы Калифорния штатының Сан-Франциско қаласында Silkroad Innovation Hub-тың ресми ашылуы өтті. Бұл – Орталық Еуразияны Кремний алқабындағы біртұтас аймақ ретінде ілгерілетуге, сондай-ақ IT кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастыққа және фаундерлердің мықты қауымдастығын құруға бағытталған бірегей жоба. Оның ашылуына еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де қатысып, сөз сөйледі.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2023
Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы басталды. Іс-шараны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» қанаты ұйымдастырды.
Технология • 25 Қыркүйек, 2023
Роботтехника әлемінің әліппесі
Біз ғұмыр кешіп жатқан ғасырды «ақылды» темірсіз елестету қиын. Өмір мен темірдің бір-біріне кірігіп кеткені сонша, сәт сайын тіршілікке қолқабыс болып отыр. Жаһандану дәуірінің жаңа жауынгерлерін даярлайтын роботтехника мектептері де көптеп ашылып жатыр. Балдырғандарға технология әлемінің әліппесін үйретіп жүрген мектептердің тыныс-тіршілігін білуге Астанадағы «Роботек» мектебін бетке алдық.
Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2023
Aitas Agro: Күрделі жыл болса да күтеріміз көп
Жыл жайлы болмай тұр... Дән сепкен диқанға да, мал баққан шопанға да. Ырзық-несібесін дала төсінен бұйыртқан дәл осы бейнеткеш жандар үшін биылғы жыл ауыр да күрделі болатын сыңайлы. Өйткені ала жаздай аспаннан тамшы тамған жоқ. Аптап ыстықтан жер құрғап, егін күйіп, шөп сұйылды... Егінді таптаған ақбөкендердің «еркелігі» бар. Онсыз да шыр-пыры шыққан шаруаны шырылдатқан шегірткелер шеруі ше? Бастаудан су жетпей тартылып жатқан трансшекаралық аймақтардағы өзендер жайы... Саусақ бүгіп санамалай берсең, толып жатыр... Ал күрең күз келгенде, бәрі керісінше. Мөлшерден асып түскен ылғал өзі митыңдап жатқан саланы одан бетер тұралатып тастады. Ол аз десеңіз, әлемде болып жатқан саяси жағдайлардың салқыны да фермерлер үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Сырттан ағылған сапасыз импорт пен еңбегіңе татымайтын төмен баға қазақ диқанының құлшынысын төмендетіп жібергендей...
Футбол • 25 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары отандық футболшылардың жасыл алаңдағы ойыны ғана емес, әлемдік рейтингтегі жағдайы да уақыт өте жақсарып келе жатқаны қуантады. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын жерлестеріміз Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) рейтингінде 122-орынды қанағат тұтып жүрген болса, жуырда ғана жарияланған жаңа кестеде 100-орыннан көрінді.