Руханият • 25 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы өткен ғасыр басында: «...Әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес», деп айтқан осы бір ұлағатты сөзінен қазақтың қаншама ғасыр бойы түрлі теперіш пен зобалаңды көрсе де ұлттық болмысы мен рухын жоғалтпауының негізі құнарлы әдебиетімізде жатқанын түсінеміз. Әдебиетіміздің бар асылы кітапта. Бір кезде халқымыз кітапқұмар ұлтқа айналды. Ақын-жазушылардың мыңдаған тиражбен жарық көрген шығармалары әп-сәтте тарап, оқырман қолында жүрді. Қазір осы қасиетіміз сақталып қалды ма, нақты айта алмаймыз. Өйткені қоғам, уақыт өзгерді. Құндылықтар алмасты. Алайда кітаптың орны, қадір-қасиеті бөлек. Кітапты пір тұтқан ұлт алға шығып, өркениет даңғылында көш бастады. Бүгінде Батыс елдері кітап оқуға қайта бет бұрды. Бізде бұл үрдіс байқала ма? Осы ретте жазушы, фиология ғылымдарының докторы, профессор Серік Асылбекұлы, ақын, журналист Қонақбай Саттаров, фрилансер аудармашы Динара Мәзен, жазушы, әдеби байқаулардың лауреаты Жадыра Шамұратова, «Қазына» кітап дүкендері желісінің басшысы Алмас Шәйкен дөңгелек үстел мәжілісінде тақырыпқа қатысты бірқатар мәселені талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2022
Адамдар арасындағы діни наным мен шекара сызығын сылып тастап, жанының сұлулығы мен дауысының тазалығына ғана ден қойғызып, әлемдік деңгейдегі әншіге айналған Димаш Алматыда алғаш рет жеке концерт берді. Қазақ елінің көк аспаны көктегі періштенің үнін естігендей, кеңістіктен саулаған сұлу саздың сиқырынан арыла алмаған көрермені әсерін әлі айтып тауыса алар емес.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2022
Президент сайлауы: Үміткерге қандай талаптар қойылады?
Президент сайлауын ұйымдастыру бір күндік іс-шара емес. Қазірдің өзінде саяси маңызы зор оқиғаға дайындық қызу басталып кетті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері әр мәселе бойынша түсініктеме беруде.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2022
Сауытбек Абдрахманов: Сайлау – елдік емтиханы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Үндеу жариялауы, Қазақстан Президенттігіне кезектен тыс сайлауын тағайындауы – айрықша маңызды оқиғалар. Белгілі қаламгер, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов бұл саяси реформаларды «жаңа өзгерістерге, ел тағдырын өз қолыңмен шешуге араласу жауапкершілігі» деп атап көрсетті.
Саясат • 25 Қыркүйек, 2022
Кейде бір нәрсені шамадан тыс мақтап, дәріптеудің аяғы үмітті ақтамаумен, көңілді қалдырумен аяқталып жатады. Бірақ Әділетті Қазақстанды құру қазақ елін бақуатты болашаққа бастайтын тарихи қадам екені даусыз. Ақылға қонақ, дәйекке салмақ берсек, бәрі осыған меңзейді.