Спорт • 20 Қыркүйек, 2019
Эльмира Сыздықова әлем чемпионатынан бесінші орын алды
Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен бәсекелер аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019
Таразда жедел байланыс орталығы ашылды
Тараз қаласында «JÁRDEM-109» бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Аталған орталықта халықтың сұранасына орай 1000-нан астам қызмет түрлері біріктірілген. Ендігі жерде Тараз тұрғындары барлық мәселенің шешімін осы жерден таба алатын болады. Бұл орын қаладағы тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орталық. Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың өтінімдері барлық байланыс арналары арқылы қабылданып, әрі қарай тиісті мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі.
Руханият • 20 Қыркүйек, 2019
Қарағандыда халықаралық айтыстың жеңімпаздары анықталды
Кеншілер астанасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2019
Роман Григорчук: Мықты футболшыларды жинақтаған командаға қарсы тұрдық
«Манчестер Юнайтед» — «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук ағылшындық баспасөз өкіліне ойын туралы пікірімен бөлісті. Бұл туралы «Aстана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2019
Ақтау, Түркістан және Арыс қалаларында Smart City қызметі қосылуы мүмкін
Ақтау қаласында «CIO and Digital Professionals Workplace 2019» конференциясы өтті. Жиын барысында «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниялармен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қалаларында Smart City пилоттық қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.