Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2024
Ерекше балалардың оңашада тұйықталып қалмай, жатты жатырқамайтын көпшіл, әр нәрсеге барынша бейім болып қалыптасуында маңызды қызмет атқаратын ортаның бірі – мектеп. Кейінгі жылдары өңірде көптеп ашылып жатқан инклюзияны қолдау кабинеттері де ерекше балаға білім беруде бұрын ескерілмей келген жайттарды жолға қоюды көздейді.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2024
Төртінші сыныпқа баратын қызым Ләйләні жетелеп, АҚШ-тағы Вирджиния штатының Арлиңтон қаласына қарасты «Ashlawn» бастауыш мектебінің қабылдау бөлмесінде тұрмыз. Сәлден соң, оқу-білімге жауапты қызметкер құжатымызды қабылдап алып, екі күннен кейін келуімізді айтты. Межелі уақытында қайтадан мектепке бардық.
Білім • 28 Қыркүйек, 2024
Сабақты зерттеу – сапалы білім негізі
Астанада «WALS-2024» Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының конференциясы өтті. ТМД елдерінде алғаш рет ұйымдастырылған мұндай жаһандық жиынға 27 мемлекеттен 700-ге жуық педагог қатысты. Оқыту сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулерді ортаға салып, талқылау – келелі кеңестің басты мақсаты.
Құқық • 28 Қыркүйек, 2024
Тұтынушы құқын бұзған кәсіпкерлер жазаланды
Астана қаласында сатып алушылардың өтініші негізінде сауда саласындағы 14 кәсіпкер сауда қызметін реттеу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлімдеді.
Форум • 28 Қыркүйек, 2024
Жаңашыл жастар жетістікке жетеді
Атырауда «Sarayshyq upgrade – 2024» халықаралық жастар форумы екінші рет өтті. Оған қатысуға мыңнан аса жас ниет білдірген. Форумға іріктеуден өткен 300-ден аса жас қатысты. Олар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекетінен, еліміздің барлық қаласынан келген.