Кино • 20 Қыркүйек, 2017
«Байқоңыр» кинофестивалі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Фестивальдың басты мақсаты – жас кинематографистердің тырнақалды туындыларын көрерменге таныстыру және отандық қысқаметражды фильмдерді насихаттау.
Шоқан Уәлихановтың белбеуі «Алтынемел» музейінде сақтаулы
Алматы облысына қарасты Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі қорында сақтаулы тұрған құнды бұйымның бірі – Шоқанның парша белбеуі.
Театр • 20 Қыркүйек, 2017
Шынайы шеберге шығармашылық ізденіс тән
Жуырда Н.Погодин атындағы орыс драма театрының труппасы Беларусь Республикасында өткен халықаралық «Белая Вежа» фестиваліне қатысып, әртістердің сахналық шеберлігі жағынан еуропалықтардан еш кем еместігін танытты. Біз театрдың директоры Спартак РАМАЗАНОВҚА жолығып, осы сапармен қоса қазақ драматургтерімен арада орныққан шығармашылық байланыс жайлы да айтып беруін өтінген едік.
Театр • 20 Қыркүйек, 2017
Жылда өтетін дәстүрлі Қазақстан драма театрларының биылғы XXV республикалық фестивалі көрнекті театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналды. Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының құрамында Ресейдің «Театральная жизнь» журналының бас редакторы, театр сыншысы Олег Пивоваров, әдебиет және театр сыншысы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, өнертану докторы, профессор Бақыт Нұрпейіс болды. Шараны ұйымдастырушы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан театрлар ассоциациясы фестивальға сегіз театрды іріктеп алыпты.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2017
Алматыда «Amanat musiс» республикалық конкурсы өтеді
1-4 қараша аралығында Алматы қаласында «Amanat musiс» атты Республикалық конкурс-фестивалі өтеді.