Елорда • 26 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты
Қазнетте Нұр-Cұлтан әуежайының халықаралық терминалында түтін шыққаны бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 26 Қыркүйек, 2021
Біздің кейде жеті миллиард адамның ішінде жүріп те жалғызсырайтынымыз бар. Біз кейде қызылды-жасылды отшашулардың астында дүркіреп өтіп жатқан тойда отырып та мұңаямыз. Біз тіпті жап-жарық күнде адасып, шіліңгір шілдеде жаурауымыз да мүмкін. Бәрінің ар жағында сол алғашқы айтқан жалғыздық жатады. Иә, тарқата берсек жалғыздықтың түр-түрі көп қой. Қоғамды қабылдамаған, қоғам қабылдамаған ішкі ой жалғыздығы, тұтас халықтардың жалғыздығы, діни ғимараттардың өгей кейпі, түрлі өнер туындыларының жалғыздығы, сөз жалғыздығы, тұлға жалғыздығы...
Елорда • 26 Қыркүйек, 2021
Әрбір қатысушы - жеңімпаз - Алтай Көлгінов
Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында Astana Marathon өткізу аумағында Ashyq жобасы енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2021
Азық-түлікті өндіру мен тұтыну әдістерін өзгерту қажет - БҰҰ
Әлем бойынша жүз миллионға жуық адам жеткілікті тамақтанбайды немесе семіздікпен ауырады. Сол себепті азық-түлікті өндіру мен тұтыну әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткен Бас Ассамблеяның 76-шы сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Қыркүйек, 2021
Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» қойылымы ұсынылды
Түркістан қаласының Конгресс Холл сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тати мен Мукарам Авахридің авторлық интерпретациясында «Ұлы Дала мұрасы» атты ұлттық дивертисмент өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрының кезекті гастрольдерінің аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.