Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024
Кейінгі уақыттары Қызылордада автогаз тапшылығы байқалып тұр. Газ құю бекетіндегі ұзын-шұбақ көлікті сарыла күтіп, кезегі келгенде лимиттің біткенін білген талайлар амалы жоқтықтан келесі бекетке тартады. Операторлардың қолдан жасаған тапшылығы көлік жүргізушілеріне осындай қиындық туғызып отыр.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2024
Өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған мыңдаған азаматтың мәселесін мүмкіндігінше жеделдетіп шешуге басымдық беріліп отыр. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, облыс бойынша жыл басынан бері 355,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 750 мың шаршы метрге жеткізу үшін тиісті жұмыс атқарылып жатыр.
Тағзым • 21 Қыркүйек, 2024
Ақтаудағы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада керемет іс-шара өтті. Қазақ руханиятының қабырғалы өкілі Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқаудың жөні бөлек. QC холдинг компаниясы мен Мұнайлы аудандық орталық кітапханасы бірге ұйымдастырған «Әбіш оқулары» сайысына аталған аудан мектептеріндегі 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Тұлға • 21 Қыркүйек, 2024
Сонау есте жоқ ескі замандардан бастау алып, апайтөс алып мекеніміздің ең басты құндылығына айналған серттей ауыр сұрақ бар. Бейтаныс екі адам кезіккенде жөн білісіп, таныс болған соң, екі елдің ұланы бір-бірінен «еліңде кімің бар?» деп сұрайтын. Бұл алдымен елдің елдігін, ұлыстың бірлігін аңдатып, жұрт жақсысын қалай қадірлейтінін аңғартады. Ал сөздің түп-төркінінде халықтың сапасы, елдің айбыны туралы түсінік жатқаны түсінікті. Өйткені елдің келбетін тұлғалар қалыптастырған.
Шаруашылық • 21 Қыркүйек, 2024
Солтүстікте биыл астықтың шығымы ересен. Бірақ соны алу қиынға түсіп тұр. Қыркүйектің ортасына дейін сілбелеп жауын жауды. Егіс алқаптарының түбінде комбайндар тізіліп, күн ашылғанымен, жер құрғамағандықтан қаңтарылып тұрды.