Спорт • 22 Қыркүйек, 2023
Осы аптаның аяғында Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның жекпе-жек шеберлерінің есімдері белгілі болды.
Шаруашылық • 21 Қыркүйек, 2023
Жетісу – аграрлы өңір дегенімізбен, ауыл шаруашылығынан бөлек басқа да бағытта ілгерілеп келеді. Мәселен, металлургиялық кешендерді жаңғыртып, қайта өңдеу саласында да біршама жаңалық бар. Біз бүгін өңірдегі осындай ақжолтай хабарларға тоқталмақ ниеттеміз.
Ұстаз • 21 Қыркүйек, 2023
Сарыкөл ауданында тұратын Шаймерден әулетінің ұстаздық еңбек жолы сонау он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қырық жылға жуық ауыл мектебінде еңбек етіп келе жатқан Сүйіндік Харесұлының атасы Шаймерден Таубайұлы 1890 жылы өз қаржысына ауылдық мектеп ашып, бала оқытқан. Бүгінде ұстаздар әулетінің төрт бірдей өкілі білім саласында қызмет етеді. Көзі ашық, көкірегі ояу, діни сауаты мол, ағартушы Бекет Өтетілеуов ұстаз тұтқан Шаймерден молда Ыбырай Алтынсарин салған ағартушылық жолдың толқынымен осыдан 133 жыл бұрын Сарыкөл өңіріндегі Еңбек ауылында орыс-қазақ мектебін ашады. Оған жас орыс жігітін мұғалім етіп алдыртып, жалақысын өз қалтасынан төлеп беріп отырады. Қазақ тілінде өтетін пән сабақтарын өзі оқытып, оқу-тәрбие ісін тікелей бақылауына алады.
Еңбек • 21 Қыркүйек, 2023
Атадан балаға мирас болып сәтімен сабақталатын еңбек дәстүрінің берік орнығуы қандай ғажап? Отбасында көрген өнеге, алған сабақ ақ адал еңбек жолына түсіріп, бірінен-бірі оза шауып, тынбай еңбек етуінің арқасында қоғам байлығын еселеуге молынан үлес қосып жатқан Гончарик-Ереминдердің еңбек өтілі – 154 жыл.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2023
Орал қаласында қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында қазақтың іскер әйеліне арналған «Арман құсы» атты ескерткіш орнатылды. Ескерткіш орналасқан Абай даңғылы бойындағы саябақ та жаңадан абаттандырылған.