Технология • 19 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда Цифрлық комиссарлар пайда болды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топ қоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған «Цифрлық комиссарлардан» тұрады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін Үкіметке тиісті қаулы әзірленді - А. Райымқұлова
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үш қоңыр» спорт мектебіне барды. Онда министр жергілікті тұрғындармен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы жайлы, маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Табысы аз отбасыларды кәсіпкерлікке үйретеді
Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жобасы іске қосылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Бұрынғы әскери қызметшілерге елордадан жаңа үй берілді
Қазақстан Қарулы Күштердің қатарында бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге елордада пәтерлердің кілті берілді. Бүгінгі таңда Қазақстан әскерінде жүргізіліп жатқан ауыстыру бағдарламасы аясында 12 әскери қызметшінің отбасылары жеке тұғын үйге қол жеткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Бас прокуратура: Қазақстанда қылмыс деңгейі 14%-ға төмендеді
Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.