Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019

Бұрынғы әскери қызметшілерге елордадан жаңа үй берілді

238 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы Күштердің қатарында бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге елордада пәтерлердің кілті берілді. Бүгінгі таңда Қазақстан әскерінде жүргізіліп жатқан ауыстыру бағдарламасы аясында 12 әскери қызметшінің отбасылары жеке тұғын үйге қол жеткізді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұрынғы әскери қызметшілерге елордадан жаңа үй берілді

Әскери қызметшілердің барлығы ҚР Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен. Осыған дейін олар отбасыларымен бірге Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы, Аягөз, Жаркент қалалары және Жетіген кентінде қызметтік пәтерлерде тұрған.

Бүгінгі күнде қызметін аяқтаған әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін баспанамен алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жекешелендірілмейтін қызметтік пәтерді қаладағы пәтерге жекешелендіріп, оны қалдық бағамен жекеменшік етуге болады. Қорғаныс министрлігі ресми сайтының «тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде алмасуға қолжетімді пәтерлер тізімі, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізімі мен іс-әрекет алгоритмі көрсетілген. Алмасуға ұсынылған пәтерлердің құрылыс жылдары мен ауданы бойынша бөлінген, бұдан қалдық бағасы өзгереді. Көп жағдайларда қалдық бағасы нарықтағы бағадан екі немесе бірнеше есе төмен болады.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында пәтер ауыстыруға қол жетімді. Қазіргі кезде аталмыш бағдарламаны 100-ден астам отбасы қолданған. Бұл ретте 664 бұрынғы әскери қызметші жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұрып жатыр, сондай-ақ ауыстыруға құқығы бар. Олардың барлығы әскерде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет етіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан әскерінің қатарынан кеткен.   

2020 жылы ақысыз жекешелендіру құқығы орнына ақшалай өтемақы төлемін бастау жоспарлануда екендігін айта кеткен жөн. Оны жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын, әскерде 20 және одан да көп жыл қызмет еткен, 2018 жылға дейін қызметін аяқтаған бұрынғы әскери қызметшілер алады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен және 2018 жылы 1 қаңтарға дейін Қазақстан армиясының қатарынан кеткен бұрынғы әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізу туралы бастама көтерді. 2018 жылғы 1 қаңтарда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6.1-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әскери қызметшілердің осы санаты үшін тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан айырбастау қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше