Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін Үкіметке тиісті қаулы әзірленді - А. Райымқұлова

53 реткөрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Үш қоңыр» спорт мектебіне барды. Онда министр жергілікті тұрғындармен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы жайлы, маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына ерекше мән берілгені белгілі. Президент әсіресе «спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек» деген еді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Үш қоңыр» мектебі осы міндетті жүзеге асыруға үлес қосып жатқанын айта келе, спорт саласында жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай елімізде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың санын 35%-ға дейін арттыруға болатынын жеткізді. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, елдегі спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 5,4 млн-нан астам адам, яғни 29,8%.

Министр сондай-ақ жолдау сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да мүмкіндік беретінін айтты. «Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылдан бастап мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін Үкіметтің тиісті қаулысын әзірледі, ол жыл соңына дейін қабылданатын болады. Мәдениет саласына тікелей қатысы бар адам ретінде, осы жалақыны арттыру мәселесінің шешілуін қаншалықты күткенімізді түсінемін», - деді министр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен осыдан 3 ай бұрын ашылған «Үшқоңыр» спорт кешенінде спорттың 16 түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді, 2 бассейн бар. Балалар еркін күрес, дзюдо, бокс, волейбол, жеңіл атлетика, таеквандо мен үлкен теннис сынды олимпиадалық спорт түрлерінен жаттығады. 45 жаттықтырушы қызмет ететін мекемеде 2 мыңға жуық спортшыны дайындап шығаруға мүмкіндік бар. Елбасы Н.Назарбаев бұл кешеннен болашақ олимпиада жеңімпаздары түлеп шығатынына сенім білдірген еді.

Соңғы жаңалықтар

Өтініш-тілектер ескеріледі

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Аманатқа қиянат жүрмейді

Таным • Бүгін, 06:49

Қараусыз малға ұры қас

Қоғам • Бүгін, 06:46

Табысты жылыстатудың жолдары

Экономика • Бүгін, 06:40

Шаңырақ неге шайқалады?

Қоғам • Бүгін, 06:35

Жүйелі жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 06:33

Мегаполистегі маңызды жобалар

Аймақтар • Бүгін, 06:30

Өткенге есеп, ертеңге бағдар

Аймақтар • Бүгін, 06:28

Атқарылған істер ауқымды

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ұқсас жаңалықтар