Интернеттегі шабуылдар үдеп барады
Еліміздегі мемлекеттік деңгейде қолға алынған цифрландыру шаралары ақпараттық қауіпсіздік мәселелерімен ұштасып жатыр. Сондықтан да Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауында қылмыстың кейбір түрлерімен күрестің өзектілігін көрсетіп, құзырлы орындарға нақты тапсырма жүктелген болатын. Соның нәтижесінде елімізде «Қазақстан киберқалқаны» бағдарламасы бекітілді.
Білім • 20 Қыркүйек, 2018
Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектептер мен жоғары оқу орындарында математикалық білім берудің проблемалары» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оған облыстағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, әдіскерлер мен білім ордаларының оқытушылары қатысты.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2018
Интеграция мәселелері талқыланды
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конрад Аденауэр атындағы қордың ұйымдастыруымен Назарбаев Университетте «Қазақстан мен Германияның интеграциялық саясаты. Салыстырмалы талдау» тақырыбымен өткен халықаралық конференцияда сарапшылар екі елдегі көші-қон мәселесін талқылады.
Бокс • 20 Қыркүйек, 2018
Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?
BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен кейінгі қарсыласы туралы болжам жасады.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2018
Әдебиет бойынша 2015 жылғы Нобель сыйлығы орыс тілінде жазатын белорус қаламгері Светлана Алексиевичке бұйырды. Дәл осы сыйлықтың Алексиевичке берілуі бір-біріне қарама-қайшы көзқарастағы пікірлердің жарыса жазылуына себеп болды. Америкалық, еуропалық сыншылар, публицистер, әлеуметтанушылар, этика мамандары, философтар мен психологтар оның еңбектерін роман деңгейіндегі публицистикалық шығармалар санатына қосып, автордың өзін философиялық, психологиялық, этикалық, әлеуметтік аса күрделі мәселелерді алға шығарған озық ойлы жазушы ретінде асқақтата бағалады. Осы тұста айта кетелік, Алексиевичтің өзі болса, айналысып жүрген жанрына «сезімдер тарихы» деп анықтама берген еді.