Бокс • 20 Қыркүйек, 2018

Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

BoxingInsider.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альварестен кейінгі қарсыласы туралы болжам жасады.

Головкинге келесі кездесуде кім қарсылас болуы мүмкін?

«Головкин - Сондерс арасындағы жекпе-жек көптен бері талқыға салынып келеді, ал дәл қазір  оны өткізудің ең қолайлы сәті. Бұл кездесу Головкинге әлем чемпионы титулын қайтаруға мүмкіндік болса, Сондерс үшін Лемьемен кездесудегі жеңісінің сәтті жалғасы болуы мүмкін.

Головкин орта салмақта ойын көрсетіп, барлығына өз күшін дәлелдеп берді. Ендігі кезекте салмақ дәрежесін өзгертуі екіталай. Жиырма рет титулын сақтап қалды, енді қолғабын іліп қойып, демалуына болады. Дегенмен, Канеломен тағы бір кездесуін тамашалағымыз келеді. Ал Головкин жеңген жағдайда, олар төртінші рет кездесуі мүмкін бе?», - деп жазылған басылымда.