Білім • 20 Қыркүйек, 2018

Қостанайда математикалық білім беруге арналған «дөңгелек үстел» өтті

93 реткөрсетілді

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектептер мен жоғары оқу орындарында математикалық білім берудің проблемалары» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Оған облыстағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, әдіскерлер мен білім ордаларының оқытушылары қатысты.  

Басқосуда математика пәнін мектептерде оқыту мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында жалпы білім беру мектептеріне әдістемелік қолдау көрсету туралы айтқан Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі У.Исакова жаңадан енгізілген әдістемелердің  озық және осал тұстарына тоқталды. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинеті математика және физика секторының меңгерушісі Бақытгүл Талқанова шағын жабдықталған мектептерде топтық жұмыстарды қолдану және оқушылардың білімін бағалау мәселесін көтерді. Шағын жабдықталған мектептерге арнап математика пәнін жүргізуге арналған әдістеме жасауды ұсынды. Профессор Жеңіснұр Құжекеев бастауыш мектептерде балалардың өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтере отырып, бұл орайда тәжірибенің өте аздығын айтты. Қостанай қаласындағы Физика-математика лицейінің мұғалімі С.Саяпина балаларды жас кезінен ғылымға баулуды бастауыш сыныптардан бастап олимпиада мен ғылыми жұмыстар конкурстарына қатыстыру арқылы тәрбиелеу керектігін ортаға салды.

«Дөңгелек үстел» мәжілісінде педагогика ғылымдарының кандидаттары Т.Шумейко, А.Мусілімова, педагогика университеті Физика-математика және жалпытехникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі О.Телегина, Назарбаев зияткерлдік мектебінің мұғалімі, математика магистрі М.Мұсабекова және басқалар математика пәнін оқытудың проблемаларын жан-жақты қозғады.

«Математикалық кәсіби білім берудің негіздерін ұстазымыз марқұм Тобыл Дәулетбаев айналысқа болатын. Ол өзінің магистрларымен, әріптестерімен бірігіп инженер-техникалық, экономикалық, агро-биологиялық, педагогикалық, яғни математикалық емес мамандар дайындайтын факультеттерге арнап монографиялар, оқу-әдістемелік оқулықтар жазды. Өкінішке қарай, қазір жоғары сыныптарға математикалық білім берудің әдістемелері жетісе бермейді» деді М.Мұсабекова.

Оқытушылар мен ғалымдар мәжілісті қорыта келе, кемшіліктер болғанымен Қостанай өңіріндегі мектептер мен жоғары оқу орындарында математикалық білім беру ісінде алға басушылық, жағымды жаңалықтар бар және мамандардың біліктілігі жоғары екенін айтып, ортаға салынған проблемлардың шешу жолдарын іздестіруде күш біріктіруге келісті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай   

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Сауаптан құр қалмаңыз

Руханият • Кеше

Игі істердің ұйытқысы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар