Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
Қаламгерге қоладан мүсін қойды
Несін жасырамыз, «Оралханның бір мүсіні өзіне ұқсамады» деп замандастарының көңілдері толмайтын. Сәтсіз шыққан ескерткішінің қатарында Өскемендегі бюсті де бар еді. Ол кеуде мүсіндегі ұқсастықтың жоқтығы өз алдына, мүжіліп, тозып бара жатқан. Мұны ескерген қала басшылығы жазушының туған күні қарсаңында қоладан құйылған ескерткішін тұғырға қондырды.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Кеңес өкіметі орнаған кезде қиратылған көне мешіттің орны табылды. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті басшылығының қолдауымен және осы университетте тарих мамандығын меңгеріп жатқан студенттердің көмегімен Ақмешіт көне қонысында қазба жұмысын жүргізген – тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Мұрат Қалменов.
Өнер • 29 Қыркүйек, 2021
Шытырман оқиғалы Шығыс вестерні
Үлкен экранға әлдеқашан шығуы керек болса да, әлемдік пандемияға байланысты премьерасы бірнеше рет шегерілген «Уақыт жолдары» фильмі қыркүйектің соңын ала Қазақстан кинотеатрларында прокатқа шығады. Қазақстан мен жапон елі режиссерлерінің бірлескен туындысы отандық көрерменге енді жол тартып жатқанымен, ол бұған дейін Жапонияның өзінде көрсетіліп, Кореяда өткен халықаралық Пусан кинофестивалінде таныстырылып, Францияның бірнеше қаласында тұсаукесері жасалған болатын. Енді, міне, алматылық көрерменге көптен күткен көркемфильмді тамашалау мүмкіндігі туды.
Экономика • 29 Қыркүйек, 2021
Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бірқатар тауарды таңбалауды енгізгені белгілі. Мамандардың пікірінше, тауарларды таңбалаудың артықшылығы көп. Бұл бір жағынан цифрлы экономиканы дамытуға ықпал етсе, екінші жағынан «көлеңкелі» экономиканың үлесін қысқартып, нарықтағы заңсыз әрі сапасыз өнімнің айналымын азайтады.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2021
Әлеуметтік саясаттың әлпеті – Әлеуметтік кодекс
Қай мемлекеттің болсын жемісі мен жеңісі түптеп келгенде тұрғындардың әл-ауқатымен, елдің ұстанған әлеуметтік саясатымен бағаланатыны анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс екенін пайымдай келіп, елімізде Әлеуметтік кодекс әзірленіп жатқанын айтқан болатын.