Энергетика • 19 Желтоқсан, 2024
Тариф өсіру тығырықтан шығара ма?
Халықтың электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының біршама жақсаруымен байланысты. Мәселенің мәнісіне тереңірек көз жүгіртсеңіз, жекелеген аймақтарда электр энергиясын тұтынудың біршама көбейгенін аңғаруға болады. Оның ішінде Көкшетау қаласы да бар. Жергілікті жұрт ащылау әзілдеп, облыс орталығын «аристондар қалашығы» дейтіні де бар.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2024
Бундестаг Германия үкіметіне сенімсіздік білдірді
Бундестаг Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік вотумын қабылдады. Депутаттардың көбі қазіргі канцлерге қарсы дауыс берген.
Өндіріс • 19 Желтоқсан, 2024
Шығынын үнемдеп, табысын ұлғайтқан компания
Отандық кәсіпорындар өз қызметтерін жетілдіруге бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жалғастырып жатыр. Бұл бағыттағы қолдау арқылы зауыт, фабрика мен цехтар өндірісті дамыту мен жаңғыртуды жоспарлауға мүмкіндік беріп, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2024
Қазақстан биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қор сияқты бірқатар беделді халықаралық және өңірлік ұйымдарға төрағалық етті. Бұл ұйымдардың біразының құрылуының басы-қасында Қазақстан тұрса, кейбіреулерінің белсенді бастамашысы болды.
Мәселе • 19 Желтоқсан, 2024
Мигранттар мәселесі шешімін күтеді
Жуырда Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) мигранттарға байланысты 12-баяндамасын шығарды. Бұл құжатта әлемнің қай елінде мигранттар көп, қайсысында аз, қай елдерден келгені, үйлеріне қанша ақша жіберетіні, т.б. көптеген қызықты дерек қамтылған. Қазір дүние жүзінде шамамен 281 миллион мигрант бар.